Ауа қысымы
04. Ауа қысымы
Жобаның мақсаты:
Ауа туралы мәлімет беріп, оның қасиеттері мен ауа қысымы түсіндіру
Құндылық:
Ауаның күші туралы , көзге көрінбегенмен ауаның қысымы мен тығыздығын дұрыс бағытта қолдану арқылы пайдаға асыруға болатынын айтып, сол секілді адам бойында да жай уақытта көзге көріне бермейтін қуаттың болатынын, оны тиімді орта қалыптастырып, бағыттаса, көп пайдасы тиетінін түсіндіреміз.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Ауа қысымы жерді басып тұрған ауа молекулаларының салмағынан құралады. Теңіз деңгейінен атмосфераға қарай көтерілген сайын қысым жеңілдей бастайды. Себебі ауа молекулаларының тығыздығы азая бастайды. Ең үлкен тығыздық пен қысым теңіз деңгейінде болады.
Тәжірибелік бөлімі
Керекті заттар: 2 ас үй ысқыш жөкесі [губка], түтікше, сырмасы бар целлофан қалта, жеңіл шар немесе дөңгелегі бар жеңіл көлік ойыншық.
1-қадам Жөкелерді бір-бірінің үстіне қойып, қалтаға салыңыз


2-қадам Түтікшенің бір ұшы қалтаның сыртына шығып тұратындай етіп, жөкелердің ортасына орнатыңыз

3-қадам Қалтаның аузын жабыңыз [Ескерту: жай ғана жабу жеткіліксіз, скотчпен немесе желімделген лентамен ашылып кетпейтіндей етіп бекітіңіз. Түтікше арқылы қалтаға ауа үрлеп толтырыңыз. Енді түтікшені ойыншыққа туралап, қолта мен ойыншықты бір деңгейде қойыңыз

4-қадам Қалтаны қатты басып, ойыншықты түтікшеден шыққан ауаның итергенін бақылаңыз

Қорытынды
Ауа қысымын заттарды қозғауы арқылы көзбен көріп, қысымның күшіне жасалған тығыздықтың тікелей әсер ететініне көз жеткіземіз. Қалтаның тығыздығы қаншалықты көп болса, ауа қысымы да соншалықты қатты болатынын көрсетеміз.