Ту 

play-rounded-fill

10. Ту

Жобаның мақсаты 

 Ту туралы мәлімет беріп, туды салтанатты жиындарда қалай жоғары көтеретінін түсіндіру.

Құндылық

Тудың әрбір ел үшін, халық үшін үлкен мәні бар. Кез-келген жерде ол елдің нышаны, белгісі ретінде ту тігіліп тұрса, сол елдің азаматтары үшін ол зор мақтаныш. Мысалы халықаралық жарыстарда, қатысушылардың басты мақсаты жеңіске жетіп, өз туының жоғары көтерілуін көру. Сондай-ақ, түрлі ұйымдар мен мекемелердің де өз нышандары болады. Оларды да жалау етіп көкке желбірету адамды ерекше сезімге бөлейді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері 

Теориялық бөлім 

Туды көкке көтерудің механизмін қарапайым заттар арқылы көрсетуге болады. Жіпке тағылған жалаушаны, тігінен тартылған жіпті жоғары-төмен қозғалту арқылы,  жалаушаны төмен түсіріп немесе жоғары көтеруге болады. Бұл механизм тұрмыста жалюзилер мен рол перделерін ашып жабуда да қолданылатынын байқауға болады.

Тәжірибелік бөлімі

Керекті заттар: Суши жеуге арналған таяқша 

  • екі қағаз қыстырғыш 
  • қатты қағаз  
  • етік тігуге арналған жіп 
  • желім 
  • түрлі-түсті қалам.

1-қадам   4/7 см тіктөртбұрыш етіп қиып алынған қатты қағазға балабақшаның логотипінің суретін салыңыз, немесе дайын суретті жапсырыңыз.

2-қадам Таяқшаның екі басына қағаз қыстырғыштарын қыстырып қойыңыз.

3-қадам Қыстырғыштардың құлақтарын керісінше бұрыңыз. Жалаушаның ені жақ шетінен екі тесік жасап, жіпті өткізіңіз.

 4-қадам Жіпті қыстырғыштардың ортасынан тартып айналып тұратындай етіп байлаңыз.

 5-қадам Жіпті тарту арқылы, жалаушаны  таяқшаның бойымен қозғаңыз.

Қорытынды

Жіпті керекті кейіпте байлау арқылы, жалаушаны қозғай алатынымызға көз жеткіземіз. Осындай жолмен тағы қандай заттарды пайдаланатынымызды іздестіреміз.