Макароннан алқа
16. Макароннан алқа
2-жас
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, білімдерін пысқтай отырып,
макарондардың пішін,көлемін,түсіне қарай ажыратуға, ретімен
орналастыруға үйрету.
Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу.
Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.
Құндылық:
Бидайдың пайдасы туралы әңгімелесу. Бидайдан неше түрлі заттар жасауға болатынын айту. Бидай сияқты өмірде пайдалы болуды дәріптеу
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
жобаны бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Макарон алқаларын бояуға арналған керек жарақтар:
- Макарондар
- Әр түрлі Гуашь
- Макаронды бояуға щеткалар
- Азық-түлікке арналған пакеттер (аузы жабылатын)
- Пергамент қағазы
- Жіп
Бүгін біз сіздермен қарапайым макароннан заманауи заттар жасайтын боламыз.
Бізге өте арзан бағадағы макарондар жеткілікті.
1-қадам: макаронның бір бөлігін азық түлік пакетіне салыңыз.

2-қадам: Пакеттің ішіне баяуды салып, аузын жақсылап жауып шайқаңыз

3-қадам: Пергамент қағазды тегіс жерге жайып, боялған макаронды пергамент қағазының үстіне жақсылап жайыңыз. Бірнеше сағат пергамент қағазының үстіне макарондар кебу керек
4-қадам Макарон толығымен құрғағаннан кейін, балаңызға түрлі-түсті боялған макарондарды беріңіз. Баланың алдына гуащь, қылқаламды қойыңыз. Кепкен макаронды балалар өздерінің қиялымен безендіреді.

5-қадам. Безендірген макарондарды жіпке тізу керек. Ол үшін бізге жіп қажет болады. Жіптің бір шетін бетіктіп беріңіз макарондар жіптен шығып кетпес үшін.

6-қадам .Тізілген макарондардың жіптің екі шетін байлап беріңіз.

Міне! Біздің қарапайым макароннан жасалған заманауи алқаларымыз дайын. Әртүрлі пішінді макарондардан да дайындауға болады.