Желдің күші
05. Желдің күші
Ұйымдастырылған іс әрекет тақыры : Жел
Жобаның мақсаты : Балалармен ауаның қысымын пайдалану арқылы қызықты заттар жасау. Табиғатта желдің жапырақтарды қалай ұшыратынына назар аудару.
Құндылық :Қиялдың күшін дұрыс пайдалана отырып, адамның көптеген қызықтарға қол жеткізе алатынын түсіндіру.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
жобаны бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Балаларға ауа ағымынан жел пайда болатынын түсіндіріп, желдің күші ауадағы қысымға қарай өзгеретінін, желдің қуатын алдындағы заттарды қозғағанына қарай байқап, өлшеуге болатынын ұғындыруға болады. Осы орайда қарапайым заттармен жасалған ойыншық арқылы жел үрлеп, қағаз жапырақтарды ұшырып көреміз.
Тәжірибелік бөлім
Керекті заттар: Қағаз парақ, кленка, желім, сары, қызғылт түсті қағаздар, қайшы, түтікше
1-қадам:Ақ қағаздың ортасына жәй қаламмен жоттың не болмаса дөңгелектің суретін салып, қайшымен ойып кесіп аламыз.



2-қадам:Оған кленканы жапсырамыз. Екінші ақ парақты барлық жағынан жапсырып, қалта жасаймыз.

3-қадам:Түрлі түсті қағаздардан ұсақтап, жапырақ формасын кесіп аламыз.

4-қадам:Қиылған жапырақтарды қағаз қалтамызға саламыз.

5-қадам:Қалтаның ортасына түтікшені енгіземіз. Түтікшенің сыртқа аузы шығып, қалған бөлігі қалтаның ортасына түсіп тұруы керек.

6-қадам:Қалтаның үстіңгі жағын, түтікшенің жан-жағын желіммен жапсырамыз.

7-қадам:Түтікшені үрлегенде жапырақтар айналып, күзгі бақтың көрінісі пайда болады.

Қорытынды
Балаларға қарапайым заттармен құрастырылған ойыншық арқылы, табиғаттың құбылысын үйде қайталап көрсетеміз. Ауаның қысымын, желдің күшін бақылап, өлшеп көреміз.