Үрмелі аспабыңды жасап көр

Тәрбиешіге нұсқаулық

– Алдымен дыбыстардың шығу көздерін тауып көруге болады;

– Кейін музыкалық аспап жасауға кірісіңіз;

– Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

Жоба мақсаты

– Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырата білу.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Кіріспе

Дыбыс – бұл шығу көзінен әртүрлі бағытта таралатын толқындар. Ол заттың тербелісінен туындайды. Мысалы, гитараның ішектерін қозғасақ, ол дірілдеп, дыбыс шығарады. Ал тербелісті қолыңызбен тоқтатсаңыз, дыбыс тоқтайды.

Егер мұқият тыңдап қарасаңыз, айналамызда неше түрлі дыбыстар бар. Сіз не естіп тұрсыз? Бұл дыбыстарды не тудырады? Дыбыс көздері табиғи немесе жасанды болып бөлінеді.

Табиғат дыбыстары табиғи дыбыстарға жатады. Адамдардың, жануарлардың, құстардың дыбыстары, теңіздегі судың дыбысы, жаңбырдың дыбысы және басқа да табиғат дыбыстары табиғи дыбыс көздері болып табылады.

Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Оларға көліктердің, телефондардың дыбыстары, тиындардың дыбыстары, пакеттің сыбдыры, шыны, әйнек дыбыстары, ойыншықтар мен музыкалық аспаптардың дыбыстары, т.б. дыбыстар жатады.

Ал енді ойын ойнайық, дыбыстардың шығу көздерін табайық. (Ашу үшін дыбыс нөмірін басыңыз)

ДыбысШығу көзіТабиғи/Жасанды
№1 дыбыс
№2 дыбыс
№3 дыбыс
№4 дыбыс
№5 дыбыс
№6 дыбыс
№7 дыбыс
№8 дыбыс
№9 дыбыс
№10 дыбыс
№11 дыбыс
№12 дыбыс
№13 дыбыс
№14 дыбыс
№15 дыбыс

Практикалық бөлім

Тақырыпты бекіту үшін біз импровизацияланған материалдардан жасанды дыбыс көздерінің бірі – музыкалық аспап жасаймыз.

1. 6 дана түтік пен картон қағазды алыңыз.

2. Картоннан шамамен 20 см х 4 см болатын 2 тіктөртбұрышты кесіңіз.

3. Түтіктерді қағазға желімдеңіз, олардың арасында шамамен біркелкі қашықтық қалдырыңыз.

4. Екінші дайындалған қағазды үстіне жабыстырыңыз. Түтіктер екі картон бөлігінің арасында болуы керек.

5. Түтіктердің ұзын ұштарын қайшымен кесіңіз, сонда әрқайсысы фотосуреттегідей алдыңғысынан сәл ұзағырақ болуы керек.

Үрмелі аспапымыз дайын. Енді құралды төмен қаратып алыңыз да, фотодағыдай жоғарыдан үрлеңіз. Барлық түтіктерге кезекпен үрлеп көріңіз. Сіз әртүрлі дыбыстарды естисіз. Түтік неғұрлым ұзағырақ болса, тон соғұрлым жоғары болады. Түтік қысқарақ болса, дыбыс сәйкесінше төмен болады.

Қорытынды

Бұл жобада балалар дыбыстың қалай таралатынын білді. Біз дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажыратуды үйрендік және дыбыс әртүрлі кедергілер кезінде әртүрлі таралатынына көз жеткізу үшін өзіміздің үрмелі аспабымызды жасадық.