Сиқырлы шам

Тәрбиешіге нұсқаулық

– Бұл жобаны оқушылар жүппен немесе жеке орындайды;
– Алдымен оқушылар файлға суреттер салуы керек;
– Кейін суреттерді жарықтандыру үшін қағаздан шам жасау керек.

Жоба мақсаты

– Жасанды жарық көздерін ажырата білу;
– Жасанды жарық көздерінің маңызын түсіну.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Жасанды жарық көздері бізге жайлы өмір сүру үшін қажет. Жасанды жарық көздерін адамдар ойлап тапты. Ежелгі заманнан бері адамдар жарық алу үшін от жағып, алау жасады. Содан кейін балауыз шамдар, май шамдары қолданылды. Қазір электр қуаты бар және біз бұл жарық көздерінсіз өмірді елестете алмаймыз. Көшелердегі жарық қауіпсіздік үшін қажет. Сондай-ақ, ойын-сауық пен безендіру үшін біз жасанды жарық көздерін қолданамыз. Мысалы, маяк, қол шамы, бағдаршам, автомобиль шамдары, үйдің аспалы шамдары және т. б.


Практикалық бөлім

Сабақтың практикалық бөлімінде біз күнделікті өмірде қажет болатын жасанды жарықтандыру көзі – фонарьды жасаймыз. Бірақ бұл қарапайым шам емес. Біз оны қағаздан жасаймыз және біз ойлап тапқан әлемді жарықтандырамыз. Бұл сабақта біз ойдан шығарылған әлемнің кеңістігін жасаймыз. Келесі аптада біз шамды жасап және оны қолданып жарық беріп көреміз.

1. Кеңсе файлын алып, бір жағын қиып қойыңыз.

2. Ішіне ақ қағазды салыңыз.

3. Кеңсе файлының бетіне фломастермен кез-келген сурет салыңыз. Бұл су астындағы әлем, ғарыш, табиғат немесе сіздің үйіңіз болуы мүмкін.

4. Содан кейін файлдың ішіне қара қағазды салыңыз.

Дайын. Енді біздің салынған әлемде қараңғы болып тұр, енді жарықтандыру үшін біз шам жасаймыз. Сіз файлдың артқы жағына қиялыңызға сәйкес тағы бір сурет сала аласыз. 

5. Ақ қағазға шамның суретін салыңыз.

6. Қиып алыңыз.

7. Енді пайдалануға болады. Файл ішіндегі шамды жылжытып көріңіз, нағыз шам біздің жолымызды жарықтандырған сияқт, ол сіздің суретіңізді жарықтандырады.

Қорытынды

Бұл жобада балалар жасанды жарық көздері туралы білді. Олар сиқырлы шам жасап, қараңғыда жасанды жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін көрді.