experimentum.kz

10 сынып

№5-зертханалық жұмыс: «2(IIA) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттеу»

Зертханалық жұмыс барысында оқушылар кальций мен магний қосылыстарының қасиеттерін көрсететін тәжірибелер жүргізеді. Бұл тәжірибелер II A топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2(II) элементтер тобы 2(II) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері 10.2.1.5 2(II) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

№5-зертханалық жұмыс: «2(IIA) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттеу» Read More »

№4-зертханалық жұмыс: «Галогендердің қасиеттерін және сулы ерітіндідегі галогенид-иондарды анықтау»

 Бұл зертханалық жұмыста оқушылар галогендердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттейді, галогенид-иондарға тән химиялық реакцияларды бақылайды. Реакциялар ерітіндінің түсінің өзгеруімен және тұнбаның түзілуімен қатар жүреді, бұл ерітіндіде белгілі иондардың бар екенін көзбен көруге мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 17 (VIIA) топ элементтері Галогендер мен олардың қосылыстарының қолданылуы 10.4.1.5 судың қаттылығын және оны жою әдістерін түсіндіру; 10.4.1.6  Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік-жер металдарының табиғи қосылыстарын білу; 10.2.2.1  металдар мен олардың қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару (реагент немесе өнімнің массасы немесе зат мөлшері бойынша).

№4-зертханалық жұмыс: «Галогендердің қасиеттерін және сулы ерітіндідегі галогенид-иондарды анықтау» Read More »

Лабораториялық жұмыс №3: «Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар мен қисық құру»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар маш бұршақтарының әртүрлі жағдайда өсуін мысалға ала отырып, модификациялық өзгергіштікті зерттейді. Жұмыс барысында өскіндердің сабақ ұзындығы өлшенеді, вариациялық қатар мен таралу қисығы құрылады. Бұл модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын анықтауға және оның тірі ағзалардағы көрінісін бекітуге мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары Модификациялық өзгергіштік. Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатарлары. 10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Лабораториялық жұмыс №3: «Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар мен қисық құру» Read More »

Лабораториялық жұмыс №4: «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру»

Сипаттамасы:  Бұл жұмыста оқушылар ең қарапайым алифаттық қосылыстардың молекула модельдерін (метан, этан, пропан, 1-хлорпропан) қарапайым материалдардан пайдаланып құрастырады. Модельдеу арқылы органикалық заттардың құрылысын көрнекі түрде көріп, көміртектің төрт валенттілігін түсінеді және атомдардың кеңістікте орналасуын ұғынатын болады. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Органикалық химияға кіріспе Гомологтық қатарлар.Алифаттық қосылыстардың IUPAC номенклатурасы. 10.4.2.3 гомологтық қатарлардың түзілуін және олардың гомологтарының қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру; 10.4.2.4 қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастырып, оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау.

Лабораториялық жұмыс №4: «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру» Read More »

Лабораториялық жұмыс №5: «Қанықпаған байланыстарға сапалық реакциялар»

Сипаттамасы:  Осы жұмыста өсімдік майының құрамындағы қанықпаған байланыстар сапалық реакция арқылы анықталады. Ол үшін майдың йод ерітіндісімен әрекеттесуі зерттеліп, оның қасиеттері басқа органикалық қосылыстармен салыстырылады. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Қанықпаған көмірсутектер Алкендердің құрамы, құрылысы және реакциялық қабілеті. 10.4.2.10 «қанықпағандық» терминін түсіндіру және оның зат қасиеттеріне әсерін сипаттау;10.4.2.11 қанықпағандықты тәжірибелік түрде дәлелдеу.

Лабораториялық жұмыс №5: «Қанықпаған байланыстарға сапалық реакциялар» Read More »

Лабораториялық жұмыс №6: «Спирттердің жануы, бір және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар»

Сипаттамасы:  Жұмыс барысында оқушылар этил спиртінің жануын бақылайды, бір атомды спирттерге және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар орындайды. Тәжірибелер әртүрлі құрылымды спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Спирттер: бір атомды, көп атомды.  Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері. 10.4.2.19 — спирттерді функционалдық топтың орналасуына және гидроксил топтарының санына байланысты жіктеу;10.4.2.20 — бір және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар жүргізу.

Лабораториялық жұмыс №6: «Спирттердің жануы, бір және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар» Read More »

Лабораториялық жұмыс №3: «Әртүрлі факторлардың әсерінен динамикалық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыс барысында оқушылар темір (III) гидроксиді тұнбасының түзілуі мен ерігіштігінің ортаның рН мәніне қалай тәуелді екенін бақылайды. Сода мен сірке қышқылының көмегімен Ле-Шателье принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары зерттеледі. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Химиялық тепе-теңдік Әртүрлі факторлардың тепе-теңдікке әсері. Ле-Шателье-Браун принципі 10.3.3.1 – температура, концентрация және қысым өзгерістерінің химиялық тепе-теңдікке әсерін болжау10.3.3.2 – тепе-теңдіктің ығысуына әртүрлі факторлардың әсерін тәжірибе арқылы зерттеу

Лабораториялық жұмыс №3: «Әртүрлі факторлардың әсерінен динамикалық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу» Read More »

Лабораториялық жұмыс №1: «Ақуыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсері»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар температура мен қышқыл-сілтілік ортаның (pH) ақуыз құрылымына әсерін зерттейді. Мысал ретінде құрамында сыртқы орта өзгерістеріне сезімтал альбумин ақуызы бар жұмыртқаның ағы қолданылады. Тәжірибе барысында оқушылар қышқыл, сілті және қыздыру әсерінен болатын ақуыздың денатурация процесін бақылайды. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Молекулалық биология және биохимия Ақуыздарды құрамына (қарапайым, күрделі) және қызметіне қарай жіктеу. Ақуыздардың құрылымы және құрылымдық деңгейлері. Ақуыздардың денатурациясы және ренатурациясы. 10.4.1.4 – ақуыздарды олардың құрылымы, құрамы және қызметі бойынша жіктеу10.4.1.5 – ақуыз құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсерін зерттеу

Лабораториялық жұмыс №1: «Ақуыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсері» Read More »

Лабораториялық жұмыс №2: «Әртүрлі катализаторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсер ету тиімділігін зерттеу»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар танымал «Elephant toothpaste» тәжірибесін орындайды. Бұл тәжірибе катализдің көрнекі мысалы болып табылады. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Кинетика Катализ 10.3.2.7 — гомогенді және гетерогенді катализді ажырату

Лабораториялық жұмыс №2: «Әртүрлі катализаторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсер ету тиімділігін зерттеу» Read More »

Лабораториялық жұмыс №1: «Коваленттік байланысы бар заттардың модельдерін құрастыру (N₂, O₂, алмаз)»

Сипаттамасы:  Бұл зертханалық жұмыста оқушылар коваленттік байланысы бар молекулалардың модельдерін жасайды: азот (N₂), оттек (O₂) және алмаз (C). Жұмысқа қарапайым заттар арқылы практикалық модельдеу және MolView онлайн платформасында 3D модель құрастыру кіреді. Оқушылар коваленттік байланыстың түрлерін, гибридтенуді және заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттейді. Ұзақмерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Химиялық байланыс Коваленттік байланыс.Коваленттік байланыстың қасиеттері. Гибридтену түрлері: sp, sp², sp³ 10.1.4.1 Коваленттік байланыстың алмасу және донорлық-акцепторлық механизм бойынша түзілуін түсіндіру 10.1.4.2 Қос және үштік байланыстардың түзілуін түсіндіру 10.1.4.3 Коваленттік байланыстың қасиеттерін сипаттау 10.1.4.4 Гибридтену түрлерін түсіндіру 10.1.4.5 Заттардың құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру

Лабораториялық жұмыс №1: «Коваленттік байланысы бар заттардың модельдерін құрастыру (N₂, O₂, алмаз)» Read More »