experimentum.kz

2 сынып

Таразы

Курс туралы Бұл жоба оқушыларды таразының құрылғысымен және жұмыс істеу принципімен таныстыруға бағытталған. Жобаның бірінші бөлімінде оқушылар таразы тарихымен және таразыда қолданылатын өлшем бірліктерімен таныстырылады. Жобаның екінші бөлімінде оқушылар таразы макетін жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.3 Өлшемдер мен өлшем бірліктері 2.1.3.1 әртүрлі өлшеу құралдарының шкалаларын бір-бірінен ажырату және шамалардың тиісті мәндерін анықтау;

Таразы Read More »

Жылыжай

Курс туралы Бұл жобада оқушылар жылыжай қағидасымен танысады және неліктен адамдар жылыжайда көкөністер мен жемістер өсіретінін білетін болады. Қолжетімді материалдардан жылыжай жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.1 Өсімдіктер 2.2.1.5 топыраққа күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіру 2.2.1.6 өсімдіктерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсіндіру 2.2.1.4 тіршілік ету ортасына және қоршаған орта жағдайларына (ылғалға)бейімделу тәсілдері бойынша өсімдіктер топтарын салыстыру

Жылыжай Read More »

Абакус

Курс туралы Қазіргі таңда барлық есептеулер есептеу техникасының көмегімен жүргізіледі. Ал абакус зияткерлік қабілеттерді дамыту әдістемесінің басты құралы – ментальді арифметикаға айналды. Бұл жобада оқушылар қол жетімді материалдардан абакус жасайды. Абакусты тек мектепте ғана емес, үйде де қолдана алады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1 Есептер және математикалық модель 2.5.1.1 бір-екі тәсілмен орындалатын кесте, схема, қысқаша жазба түріндегі есепті модельдеу

Абакус Read More »