experimentum.kz

STEAM жоба

Магнит күші

Бұл жоба мұғалімнің басшылығымен өткізілетін демонстрациялық тәжірибе ретінде ұйымдастырылады. Жобаның мақсаты – магниттің әсерін пайдаланып, әртүрлі заттардың магниттелу қасиетін зерттеу және тек кейбір металдардың ғана магнитке тартылатынын анықтау. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Магнетизм Магниттің көмегімен әртүрлі металдардың магниттелуін зерттеу

Магнит күші Read More »

Жұмсақ сабыншалар

Жоба туралы ақпарат: Бұл жоба оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін шамаларды (ұзындық, масса, көлем, уақыт) өлшеу және салыстыру дағдыларын дамытуды көздейді. Жоба барысында балалар нақты мөлшерде сұйықтық пен ұнтақтарды өлшеп, қосу, азайту және салыстыру арқылы душқа арналған желе сабын жасап үйренеді. Бөлім: Сандар және шамалар Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Шамалар және оларды өлшеу бірліктері Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), көлем/сыйымдылық (л), уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) шамаларының мәндерін салыстыру және осы шамалардың мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау.

Жұмсақ сабыншалар Read More »

Сандар тепе-теңдігі

Жоба туралы ақпарат: Бұл жоба сандарды оқу, жазу және салыстыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар тепе-теңдік ұғымын нақты іс-әрекет арқылы түсініп, сандарды салыстыру және қосу амалдарын шығармашылықпен орындайды. Балалар сызғыш пен ағаш таяқшалардан тепе-теңдік құралы жасап, қыстырғыштар арқылы сандық есептерді көрнекі түрде шешеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Екі таңбалы сандар Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Сандар тепе-теңдігі Read More »

Судың қасиеттері

Бұл жобада оқушылар мұғалімнің көмегімен демонстрациялық тәжірибелер арқылы заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйіне қарай жіктеуді үйренеді. Тәжірибе барысында оқушылар судың қасиеттерін зерттеп, мысалдар арқылы түсінеді. Жоба оқушылардың бақылау жасау, себеп-салдар байланысын орнату және қарапайым ғылыми тұжырымдар жасау дағдыларын дамытады. Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Заттардың түрлері Заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйіне қарай жіктеу

Судың қасиеттері Read More »

Ауа кеңістікті толтыра ма?

Бұл жоба мұғалімнің демонстрациялық тәжірибесі ретінде жүргізіледі.Жобаның мақсаты – ауаның жылу әсерінен қалай кеңейетінін және оның бос кеңістікті қалай толтыратынын көрсету. Оқушылар тәжірибе арқылы газдың (ауа) қасиеттерін бақылайды және жылудың әсерінен ауаның қозғалысы мен көлемінің өзгеруін өз көздерімен көреді. Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары Ауа Жылу өткізгіштікті және ауаның кеңістікті толтыру қасиетін зерттеу

Ауа кеңістікті толтыра ма? Read More »

Проектор жасайық

Бұл жобада оқушылар күнделікті қолжетімді материалдарды пайдалана отырып, қарапайым проектор құрастырады. Жобаның негізгі мақсаты – жарықтың түзу сызықпен таралуын, линзаның кескінге әсерін және көлеңке мен жарық құбылыстарын тәжірибе жүзінде зерттеу. Сонымен қатар, оқушылар ғылыми ұғымдарды шығармашылықпен біріктіріп, инженерлік ойлау қабілеттерін дамытады.   Бөлім: Табиғат физикасы Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.2 Жарық Көлеңкенің пайда болуын түсіндіру және мысал келтіру

Проектор жасайық Read More »

Жарыс машинасы

Жоба туралы ақпарат: Бұл жобада оқушылар қарапайым тұрмыстық материалдарды пайдаланып, резеңке қозғалтқыштың көмегімен қозғалатын шағын машина жасайды. Жоба барысында оқушылар күш әрекетінің бағыты қозғалысқа қалай әсер ететінін зерттейді.  Бөлім: Табиғат физикасы Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1 Күштер мен қозғалыс 3.5.1.4 күш әрекетінің бағытын анықтау

Жарыс машинасы Read More »

Күнтізбе

Күнтізбе — бұл тек қана күнді анықтауға арналған құрал емес, сонымен қатар уақыт құрылымын үйренудің тамаша тәсілі. Бұл жоба балаларға күндер, апталар және айлардың қалай ұйымдастырылғанын түсінуге көмектеседі және олардың жыл бойындағы байланысын көзбен көруге мүмкіндік береді. Типтік оқу бағдарламасының бөлімдері (МЖМБС) Оқу мақсаттары 1.3 Өлшемдер және олардың өлшем бірліктері 1.1.3.5 Сағат циферблатынан 12 сағаттық форматтағы уақытты анықтау/уақыт өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай, жыл;1.1.3.1 Уақыт өлшемдерін ажырату, өлшеу бірліктерін және құралдарын таңдау, өлшеулер жүргізу.

Күнтізбе Read More »

Уақыт саяхаты

Бұл жобада оқушылар қолдан сағат жасайды. Сағатты жасай отырып, минут пен сағаттың айырмашылығын, сағат тілшелерінің қозғалысын зерттейді. Сол арқылы сағатқа қарап, уақытты анықтауды үйренеді.  Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.3. Шамалар мен өлшем бірліктер 1.1.3.1 * * шамаларды ажырату: ұзындығы / массасы /көлемі (сыйымдылығы) / уақыты; оларды өлшеу үшін шаралар мен құралдарды таңдау, өлшеу жүргізу

Уақыт саяхаты Read More »