Жұмсақ сабыншалар
Жоба туралы ақпарат: Бұл жоба оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін шамаларды (ұзындық, масса, көлем, уақыт) өлшеу және салыстыру дағдыларын дамытуды көздейді. Жоба барысында балалар нақты мөлшерде сұйықтық пен ұнтақтарды өлшеп, қосу, азайту және салыстыру арқылы душқа арналған желе сабын жасап үйренеді.
Бөлім: Сандар және шамалар
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Шамалар және оларды өлшеу бірліктері | Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), көлем/сыйымдылық (л), уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) шамаларының мәндерін салыстыру және осы шамалардың мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау. |
- Ыстық су - 1 стакан (240 мл)
- Желатин - 20 гр
- Сұйық сабын не душқа арналған гель - 120 мл
- Эфир майы
- Тағамдық бояғыш
- Жылтырақтар
- Сабын жасауға формалар
- Араластыруға шұңғыл ыдыс, өлшеу ыдыстары, қасық
Жоба контент
Сабақ
Бұл бөліктерге қол жеткізу үшін жоғарыдағы жобаны ашу батырмасын басыңыз
