experimentum.kz

STEAM жоба

Тарихи кодтар арқылы ақпаратты шифрлау және жеткізу процесін зерттеу

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада біз Arduino Uno тақтасы негізінде сериялық монитор терезесінен таңбаларды алып, оларды дыбыстық сигнал арқылы Морзе кодына түрлендіретін Морзе коды генераторын құрастырамыз.

Тарихи кодтар арқылы ақпаратты шифрлау және жеткізу процесін зерттеу Read More »

Fast Food: аңыз әлде шындық. Ас қорыту жүйесінің моделі

Жоба туралы ақпарат “Тез дайындалатын тағамдар” немесе қарапайым тілмен айтқанда, Фаст-Фуд деген не екенін бәріміз білеміз. Қайсымыз болсақ та, бір рет болсын, мұндай тағамды жеп көрдік. Бірақ Фаст-фудты шамадан тыс тұтыну қаншалықты зиян келтіретінін тек кейбір адамдар ғана біледі. Бұл жобада оқушылар:– ас қорыту жүйесінің моделін жасайды;– ас қорыту процесін көрсетеді және ас қорыту процесінде болатын химиялық реакцияларды зерттейді;– барлық зиянды өнімдердің жіктелуін, құрамын зерттейді;– химиялық эксперименттік жұмыстар жүргізеді;– сауалнама жүргізеді, статистикалық деректерді зерттейді;– ақырында, Фастфудқа қатысты ақпараттардың АҢЫЗ әлде ШЫНДЫҚ екендігін анықтайды.

Fast Food: аңыз әлде шындық. Ас қорыту жүйесінің моделі Read More »

Ұшатын көбелек

Бұл жобада оқушылар ұшатын көбелекті жасайды. Көбелек жайлы түсінік қалыптастырады. Көбелектің ұшу механизмін анықтайды. Сонымен қатар, осы жобаны жасау барысында оқушыларға көбелек жайлы қызықты ақпараттарды айтуға болады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.2 Жануарлар 4.2.2.7 жойылу қаупінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру4.2.2.8 ұлттық парктер мен қорықтарды құру мақсаттарын түсіндіру

Ұшатын көбелек Read More »

Саусақ іздері тұқым қуалайды ма?

Сіз қол тигізген барлық нәрседе саусақ іздерін қалдырғаныңызды білесіз бе? Егер сіздің қолдарыңыз өте лас болса, бұл анық, өйткені сіз оларды көре аласыз. Оларды осы жобада көрінетін етіп жасаңыз және саусақ іздерін жинаңыз! Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 4.1.1.1 өз ойлары негізінде зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау

Саусақ іздері тұқым қуалайды ма? Read More »

Лабиринт ойыны

Бұл жобада оқушылар қарапайым материалдар мен магниттердің қасиеттерін қолдана отырып, лабиринт ойынын жасайды. Бұл жоба магнетизмді зерттеудің қызықты тәсілі. Оқушылар магнетизмнің қалай жұмыс істейтінін және неге магниттер тек белгілі бір материалдарды тартатынын зерттейді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.6 Магнетизм 3.5.6.1 магнит көмегімен түрлі металдардың магниттелуін зерттеу

Лабиринт ойыны Read More »

Бүйрек моделі және Гемодиализ

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада оқушылар адам ағзасының макетін жасайды, атап айтқанда:– бүйректің, қанайналым жүйесінің және зәр шыгару жүйесінің жұмыс моделі;– сондай-ақ, бүйрек функциясымен, бүйректің созылмалы ауруларымен байланысты мүмкін проблемаларды талдайды;– бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты аурудың шешу жолы ретінде жасанды бүйрек аппаратын, басқаша айтқанда гемодиализге арналған аппаратты жасайды.

Бүйрек моделі және Гемодиализ Read More »

Қозғалысты реттейтін сигнал логикасы бар мини-модель жасау

Жоба туралы ақпарат Бағдаршам (орыс. жарық және грек. φορός — “тасымалдаушы”) — жарық беретін оптикалық құрылғы. Бағдаршам механикалық көлік құралдарының, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткеліндегі жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының, теміржол және метрополитен пойыздарының, өзен және теңіз кемелерінің, трамвайлардың, троллейбустардың, автобустардың және өзге де көліктің қозғалысын реттеуге арналған. ТМД елдерінде бағдаршам қаланың муниципалды меншігі болып табылады.

Қозғалысты реттейтін сигнал логикасы бар мини-модель жасау Read More »

Сызбаларыңызды машинамен қайталаңыз

Сіз сутертті үленірек немесе кіші етіп көшіріп көргіңіз келіп пе еді? Егер сіз өзіңіздің суретіңізді үлкен немесе кіші көшірмесін жасауға тырыссаңыз, бөлшектерді дұрыс жеткізу өте қиын екенін түсінген боларсыз. Алайда, бұо жағдайда, пантограф деп аталатын машина көмектесе алады. Ол жоғары немесе төмен масштабтауға немесе бірдей мөлшерде жасауға болатын көшірмелерді жасайды. Бұл сабақта сіз өзіңіздің пантографыңызды жасайсыз, содан кейін сызбаларыңызды қайталайсыз. Оның сызбаларды қалай үлкейтетінін, кішірейтетенін немесе төңкеретінін түсінуге болады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1-Күштер мен қозғалыс 3.5.1.4 күш әрекетінің бағытын анықтау

Сызбаларыңызды машинамен қайталаңыз Read More »

Голдберг машинасы

Бұл жобада оқушылар Голдберг машинасын жасап, соның мысалында үйкеліс күшінің, серпімділік және ауырлық күштерінің қалай жұмыс істейтінін көреді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1- Күштер мен қозғалыс 3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу

Голдберг машинасы Read More »