experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым

Fast Food: аңыз әлде шындық. Ас қорыту жүйесінің моделі

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым

Жоба туралы ақпарат

“Тез дайындалатын тағамдар” немесе қарапайым тілмен айтқанда, Фаст-Фуд деген не екенін бәріміз білеміз. Қайсымыз болсақ та, бір рет болсын, мұндай тағамды жеп көрдік. Бірақ Фаст-фудты шамадан тыс тұтыну қаншалықты зиян келтіретінін тек кейбір адамдар ғана біледі.

Бұл жобада оқушылар:
– ас қорыту жүйесінің моделін жасайды;
– ас қорыту процесін көрсетеді және ас қорыту процесінде болатын химиялық реакцияларды зерттейді;
– барлық зиянды өнімдердің жіктелуін, құрамын зерттейді;
– химиялық эксперименттік жұмыстар жүргізеді;
– сауалнама жүргізеді, статистикалық деректерді зерттейді;
– ақырында, Фастфудқа қатысты ақпараттардың АҢЫЗ әлде ШЫНДЫҚ екендігін анықтайды.

  • - Ас қорыту жүйесінің моделіне:
  • - пенопласт - 40мм
  • - инфузияға арналған жүйе - 2 дана
  • - шприц 10мл-2 дана
  • - гуашь
  • - кеңсе пышағы
  • - қарындаш
  • - сызғыш
  • - су
  • - бояғыш
  • Эксперименттік бөлім үшін:
  • - пробиркалар-4 дана
  • - стақандар-4 дана
  • - тамшуыр-2 дана
  • - сүзгі қағазы-4 дана
  • - индикатор қағазы немесе PH-метр
  • - үйде дайындалған котлет
  • - Fast food-бургер котлеті
  • - сусындар: кола, пепси, фанта, энергетик
  • - ментос
  • - күміс нитраты
  • - сүт
  • - мыс сульфаты
  • - белсендірілген көмір