experimentum.kz

виртбио

Жылыжай эффектісі

Жоба тақырыбы: Жылыжай эффектісі Бұл виртуалды зертхана 9-сыныптарда келесі тақырыптар бойынша сабақтарда пайдалануға арналған: Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты:  Практикалық бөлім Виртуалды тәжірибе Қорытынды “Жылыжай эффектісі” виртуалды симуляциясы жылыжай газдарының жер беті температурасына қалай әсер ететінін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Симуляция арқылы оқушылар: Терминдер сөздігі Energy – Энергия – Энергия Photons –  Фотоны – Жарық фотондары Sunlight – Солнечный свет – Күн сәулесі Infrared – Инфракрасный – Инфрақызыл Greenhouse gas concentration – Концентрация парниковых газов – Жылыжай газдарының концентрациясы Energy balance – Энергетический баланс – Энергиялық тепе-теңдік Flux meter – Измеритель потока – Ағым өлшеуіші Surface thermometer – Поверхностный термометр – Бетік термометр Solar intensity – Интенсивность солнечного излучения – Күн сәулесінің қарқындылығы Surface albedo – Альбедо поверхности – Жер бетінің альбедосы Absorbing layers – Поглощающие слои – Сіңіру қабаттары  Infrared absorbance – Поглощение инфракрасного излучения – Инфрақызыл сәулелердің жұтылуы

Жылыжай эффектісі Read More »

Гендік экспрессия

Жоба тақырыбы: Гендік экспрессия Бұл виртуалды зертхана 11-сыныптарда келесі тақырыптар бойынша сабақтарда пайдалануға арналған: Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты:  Виртуалды тәжірибе Бұл PhET виртуалды симуляциясы гендік экспрессия деп аталатын күрделі үрдісті қарапайым түрде жасуша деңгейінде көруге мүмкіндік береді. Кесте 1. Қорытынды “Гендік экспрессия” виртуалды зертханасы күрделі гендік экспрессия үрдістерін көрнекі түрде зерттеуге, сондай-ақ оған әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға бірегей мүмкіндік береді. Терминдер сөздігі Gene – Ген – Ген Protein – Белок – Ақуыз Positive transcription factor – Активный фактор транскрипции(Индукторы) – Транскрипцияның белсендіруші факторы (Индукторлар) Negative transcription factor – Негативный фактор транскрипции(Репрессоры) – Транскрипцияның тежеуші факторы (Репрессорлар) RNA-polymerase – РНК-полимераза – РНҚ-полимераза Ribosome – Рибосома – Рибосома mRNA destroyer – расщеплитель мРНК – аРНҚ ыдыратқыш Regulatory region – Регуляторный участок – Реттелуші аймақ Transcribed region – Транскрибируемый участок – Транскрипцияланушы аймақ

Гендік экспрессия Read More »

Моногибридті және дигибридті будандастыру

Жоба тақырыбы: Мендель заңдары. Моногибридті және дигибридті будандастыру Бұл виртуалды зертхана 9-сыныптарда келесі тақырыптар бойынша сабақтарда пайдалануға арналған: Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты: Практикалық бөлім 1. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге екі режимнің таңдауы беріледі: “Intro” және “Lab”. 2. “Lab” режимін таңдаңыз. Сіз күңгірт фонды шөлді ортада жалғыз ақ қоян мен жасыл өсімдіктер күйіндегі азық-түлік қорын көресіз.  3. Шартты белгілермен таныс болыңыз. ұрпақ санағы, көбею уақытын, сонымен қатар қоршаған факторлардың(қасқырлар, қоректік ресурстар) әсер ету уақытын көрсетеді Экватор, қоңыржай тіршілік ету ортасы  Аляска, суық тіршілік ету ортасы симуляцияны қайта бастау батырмасы симуляцияны жеделдету батырмасы, берілген батырманы басып тұрып уақытты жылдамдатуға болады play/pause батырмасы сыңар қосу батырмасы №1 Виртуалды тәжірибе: Моногибридті будандастыру 4. Енді тәжірибе жасай бастаңыз. Экранның жоғарғы оң жағында қоян фенотипінде қоңыр жүн, салпаң құлақ және ұзын тістер түрінде көрінетін мутациялар берілген. Алдымен бір белгінің тұқым қуалауын тексеріңіз. Мысалы, доминантты белгі ретінде қоңыр жүн мутациясын таңдаңыз (Dominant). Содан кейін көбейту үшін қоянға жұп қосыңыз. Кідірту түймесін басыңыз. 5. Pedigree радио түймесін таңдаңыз. Аллельдер бөлімінде мутантты доминантты аллель – қоңыр жүн(F) және қалыпты рецессивті аллель – ақ жүн(f) көрсетілген. Доминантты белгілерді бас латын әріптерімен, ал рецессивті белгілер кіші әріптермен белгіленген. Сондай-ақ, кез келген қоянды тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет басу арқылы таңдап, оның шежіресін көруге болады. Төмендегі мысалда гомозиготалы рецессивті аллельдері (ff) бар ата-ана көрсетілген. 6. Play түймесін басыңыз. Бірінші ұрпақтың дарақтары пайда болғанша күтіңіз (Generation 1). Әр ұрпақта бір жұптан төрт қоян пайда болады. Экранда дарақтар арасында қоңыр жүні бар қоян пайда болады. Оның шежіресін көру үшін үстінен басыңыз. Бұл тұқымда дигомозиготалы (ff) ата-аналардың мутациясы нәтижесінде гетерозиготалы ұрпақ (fF) дүниеге келгені көрсетілген.  7. Экваторлық ортада қоңыр түсті қояндар ақ қояндарға қарағанда артықшылыққа ие болады, өйткені олар қоршаған орта фонында көзге бірден ілінбейді. Бұл олардың жыртқыштардың көзіне жиі көрінбеуіне әкеледі және нәтижесінде олардың өміршеңдігін арттырады. Бұл болжамды дәлелдеу үшін қоршаған ортаға жыртқыштарды (қасқырларды) қосыңыз. Ол үшін Environmental factors бөлімінде қасқыр суретінің жанына құсбелгі қойыңыз. 8. Экранда қасқырлар тобы пайда болады, енді ақ қояндардың саны әлдеқайда аз. Нәтижесінде қоңыр қояндар бұл тіршілік ету ортасында біртіндеп басым түрге айналады. 9. Популяцияны кем дегенде 10 ұрпақ бойына бақылаңыз (Generation 10). Кейін төмендегі кестені толтырыңыз. Сандық деректерді алу үшін радио түймесін Proportions элементіне ауыстырыңыз. Алдыңғы ұрпақ деректерін салыстыру үшін белгішені басыңыз. Доминантты Жалпы саны Ақ қояндар саны Пропорциялар % (ақ жүнді/жалпы) Қоңыр қояндар саны Пропорциялар % (қоңыр жүнді/жалпы 1ші ұрпақ 2ші ұрпақ 3ші ұрпақ 4ші ұрпақ 5ші ұрпақ №2 виртуалды тәжірибе. Мендель заңдары. 10. Параметрлерді қалпына келтіріп, симуляцияны қайта бастаңыз. Енді дәл сол мутацияны рецессивті (Recessive) белгі ретінде таңдаңыз. Содан кейін көбейту үшін қоянға жұп қосыңыз. 11.Бірінші ұрпақ пайда болғаннан кейін симуляцияны тоқтатыңыз. Барлық қояндар ақ түске ие, бұл Мендельдің бірінші заңына сәйкес келеді: гомозиготалы ата-аналарды будандастырудан алынған бірінші ұрпақтың барлығы генотипі бойынша(100%) бірдей болады және ата-аналарының бірінің басым белгісіне ие болады. 12.Үшінші ұрпақты алғаннан кейін кідірту түймесін басыңыз. Бұл будан ұрпақтарының 25%-ының фенотипінде алғаш рет рецессивті белгі (ff) пайда болады. Бұл Мендельдің екінші Ажырау Заңына сәйкес келеді: бірінші ұрпақтың екі гетерозиготалы будандардың шағылысуынан екінші ұрпақта белгілердің ажырауы байқалады: Біздің жағдайда белгілердің бөлінуі тек үшінші ұрпақта болды, өйткені бірінші ұрпақта тек бір ғана дарақ мутацияға(Ff) ұшырады. 13. 9-қадамды қайталаңыз және рецессивті белгі үшін кестені деректермен толтырыңыз. Рецессивті Жалпы саны Ақ қояндар саны Пропорциялар % (ақ жүнді/жалпы) Қоңыр қояндар саны Пропорциялар % (қоңыр жүнді/жалпы 1ші ұрпақ 2ші ұрпақ 3ші ұрпақ 4ші ұрпақ 5ші ұрпақ №3 виртуалды тәжірибе: Дигибридті будандастыру 14. Параметрлерді қалпына келтіріп, симуляцияны қайта бастаңыз. Популяцияны көбейту үшін қоянға жұп қосып, экранда бірінші және екінші ұрпақ пайда болғанша күтіңіз, содан кейін берілген үш мутацияның екеуін таңдаңыз доминант ретінде таңдаңыз. Мысалы, қоңыр жүн (FF) және ұзын тістер (TT). 15. Үшінші будан ұрпақтары пайда болғаннан кейін кідірту түймесін басып, деректерді талдаңыз. 16. Төртінші будан ұрпақтарының арасында сіз қоңыр жүнді(F) және ұзын тісті(T) қояндарды байқай аласыз. Қоршаған орта факторларын қосыңыз, мысалы, қасқырлар (Wolves) және қатты қорек(Tough food). 17.  Болжам: қоңыр қояндардың ақ қояндарға қарағанда артықшылығы бар, өйткені олар жыртқыштарға көрінбейді, ал ұзын тістері бар қояндар қалыпты тістері бар қояндарға қарағанда тіршілікке бейім, өйткені олар қатты қорекпен қоректене алады. Болжамға сәйкес, біз популяция үшін таңдаған жағдайларда, екі доминантты белгілері бар қояндар, яғни ұзын тістері бар қоңыр қояндар(FFTT, FfTt) тіршілік үшін күресте жеңе алады. Тапсырмаларды әртараптандыру үшін әртүрлі симуляция варианттарын жүзеге асырып көріңіз. Есіңізде болсын: ең бастысы-табиғи сұрыпталудың популяцияның қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіну үшін белсенді түрде тәжірибе жасау, бақылау және талдау. Қорытынды Бұл виртуалды зертхана дигибридті будандастыру заңдарын зерттеудің тиімді құралы болып табылады және оқушыларға генетика саласында терең білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Терминдер сөздігі Natural selection – Естественный отбор – Табиғи сұрыпталу  Mutation – Мутация – Мутация Dominant trait – Доминантный признак – Доминантты белгі Recessive trait – Рецессивный признак – Рецессивті белгі Brown fur – Коричневый мех – Қоңыр жүнді White fur – Белый мех – Ақ жүнді Straight ears – Прямые уши – Тікқұлақты Floppy ears – Висячие уши – Салпаңқұлақты Long teeth – Длинные зубы – Ұзын тісті Short teeth – Короткие зубы – Қысқа тісті Environmental factors – Факторы окружающей среды – Қоршаған орта факторлары Wolves – Волки – Қасқырлар Limited food – Ограниченные пищевые ресурсы – Шектелген қоректік ресурстар Tough food – Жесткие пища – Қатты қорек Population – Популяция – Популяция Proportions – Пропорции – Пропорциялар Pedigree – Родословная – Шежіре Alleles – Аллели – Аллельдер Generation – Поколение – Ұрпақ

Моногибридті және дигибридті будандастыру Read More »

Нейрон

Жоба тақырыбы: Жүйке жасушасының мембраналық потенциалы Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты: Теориялық бөлім Әрбір тірі жасуша мембранасының электр заряды бар. Бұл заряд тірі жасуша зарядталған бөлшектер – иондарды сіңіріп және бөліп отыратындықтан түзіледі. Мембрананың электр заряды – жасушаның тірі екендігінің белгісі. Тыныштық күйінде жасуша мембранасының сыртқы жағы – оң, ал ішкі цитоплазма жағы теріс зарядталған. Жасуша тірі кезінде бұл зарядтар айырмашылығы сақталады және мембрана потенциалы(тыныштық потенциалы) деп аталады. Жүйке жасушасында бұл көрсеткіш шамасы 70 мВ құрайды. Егер жүйке жасушасына жүйке импульсі әсер етсе, мембрананың заряды өзгереді. Бұл өзгеріс әрекет потенциалы деп аталады. Нейрон жасушасының әрекет потенциалы 110-120 мВ құрайды. Дереккөздер: Виртуалды тәжірибе Бұл виртуалды симуляцияда жүйке жасушасы арқылы жүйке импульсінің өту процесін бақылайтын боласыз. 1-қадам. Алдымен шартты белгілермен танысып өтейік. Экранның оң жағындағы Legend бөлімінде белгілер және олардың білдіретін атаулары көрсетілген. (төменде берілген терминдер сөздігіне назар аударыңыз). 2-қадам. Ал төменгі Show бөлімінде берілген тармақтарға құсбелгі қою немесе алу арқылы иондарды, мембрана зарядын, иондардың сандық концентрация көрсеткішін және потенциал графигін көрсете немесе жасыра аласыз. 3-қадам. Экранның сол жақ бөлігінде зуммер берілген. Ол арқылы сіз нысанды алыстата немесе жақындата аласыз. 4-қадам. Қазіргі сіз бақылап отырған көрініс бұл тыныштық потенциалы күйіндегі жүйке жасушасының мембранасында болып жатқан процесс, яғни Na+ және K+ каналдарының көпшілігі жабық. Олардың концентрация шамасына назар аударатын болсақ, жасушаның сыртқы бөлігінде Na+  концентрациясы K+ салыстырғанда әлдеқайда жоғары, ал цитоплазмада керісінше екендігін байқауға болады. Сонымен қатар, жасуша мембранасының ішкі жағында -,  ал сыртқы жағында + заряд сақталған. 5-қадам. Енді нейрон жасушасына жүйке импульсінің әсерін бақылап көрейік. Ол үшін Stimulate neuron батырмасын басыңыз.  6-қадам. Сіз мембрана зарядтарының ауысқанын, яғни тыныштық потенциалының әрекет потенциалына ауысқанын байқай аласыз. Қалыпты жағдайда бұл процесс өте тез өтеді, процессті баяулату үшін Slow motion режимін таңдап, Stimulate neuron батырмасын қайта басыңыз және нысанды ұлғайтыңыз. 7-қадам. Әрекет потенциалының орын алу кезеңдері: 8-қадам. Әрекет потенциалының жүру кезеңдерін график күйінде көру үшін, Potential chart тұсына құсбелгі қойып, Stimulate neuron батырмасын қайта басыңыз. Біздің миымызда болып жатқан процесстердің барлығы осы күрделі реакцияға негізделген. Әдетте, мида бірнеше миллисекунд ішінде миллиондаған жүйке импульстері бір нейроннан екінші нейронға беріліп отырады. Сол арқылы мидың ойлауы, бұлшықеттің жиырылуы, жүректің соғуы секілді процесстер жүзеге асады. Қорытынды Бұл симуляция оқушыларға нейронда болып жатқан күрделі процестерді көрнекі түрде бақылауға және бұл процестердің жүйке жүйесіне ақпаратты берумен қалай байланысты екенін түсінуге мүмкіндік берді. Терминдер сөздігі Neuron-Нейрон-Жүйке жасушасы Membrane potential-Мембранный потенциал-Мембраналық потенциал Sodium ion-Ион натрия-Натрий ионы Potassium ion-Ион калия-Калий ионы Sodium gated channel-Закрытый натриевый канал-Жабық натрий каналы Potassium gated channel-Закрытый калиевый канал-Жабық калий каналы Sodium leak channel-Канал утечки натрия-Ашық натрий каналы Potassium leak channel-Канал утечки калия-Ашық калий каналы All ions-Все ионы-Барлық иондар Charges-Заряды-Зарядтар Concentrations-Концентрации-Концентрациялар Potential chart-График потенциала-Потенциал графигі

Нейрон Read More »

Табиғи сұрыпталу

Жоба тақырыбы: Табиғи сұрыпталу Бұл виртуалды зертхана 8-сыныптарда келесі тақырыптар бойынша сабақтарда пайдалануға арналған: Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты: Теориялық бөлім Қоршаған орта – өзара күрделі әрекет ететін және бір-біріне әсер көрсететін жанды (тірі) және жансыз (өлі) нысандардың кешені. Орманда мекендейтін қоян өсімдіктермен және түлкімен тікелей әрекеттеседі. Топырақпен, топырақ ылғалының мөлшерімен жанама (өсімдіктер арқылы) әсерлеседі. Кез келген жануарлар мен өсімдіктер бейімделгіштікке мысал болып табылады. Бейімделе алмаған ағзалар тіршілігін жояды[1].  Қандай да бір ағза кездейсоқ мутацияның нәтижесінде жаңа түске ие болды деп есептейік. Егер ол түс оны жауынан қорғайтын болса, онда ол тірі қалады. Жауынан қорғану артықшылығы бар, жаңа түске ие болған ағза өзінен кейін көптеген ұрпақ қалдырады. Оның ұрпақтары да нашар түске боялған туыстарына қарағанда жыртқыштардан анағұрлым қорғалған және көптеген ұрпақ қалдырады. Осылайша, біртіндеп бұл ағзалардың топтары немесе негізгі бөлігі бірнеше ұрпақтан кейін өздеріне пайдалы түске боялады. Бейімделу, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің (кездейсоқ мутация) барысында осы ағзалардың генофондында бекиді. Пайда болған түс ағзаны жыртқыштардан қорғай алмайтын болса, бұл түстің тасымалдаушысы жойылады[2]. Дереккөздер: Практикалық бөлім PhET виртуалды “Табиғи сұрыпталу” симуляциясы қоршаған орта факторлары мен мутациялардың түрлердің эволюциясына қалай әсер ететінін қоян популяциясы мысалында зерттеуге мүмкіндік береді. Симуляция табиғи сұрыпталудың негізгі принциптерін, популяцияның тірі қалуында артықшылықтар беретін белгілер кейінгі ұрпақтарда жиі кездесетінін көрсетеді. 1. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге екі режим таңдауы беріледі: “Intro” және “Lab”. 2. “Intro” режимін таңдаңыз. Сіз күңгірт фонды шөлді ортада жалғыз ақ қоян мен жасыл өсімдіктер күйіндегі азық-түлік қорын көресіз. Көбеюді бастау үшін “” түймесін басыңыз. Енді экранда екі ақ қоян пайда болды. 3. Сіз популяция санының қалай өсетінін бақылайсыз (әр ұрпақ сайын 4 қоянға көбейіп отырады). Экранның жоғарғы жағында сағат түріндегі  ұрпақ санағы көрсетіледі. 4. ““түймесін басып тұру арқылы уақытты жылдамдатуға болады. Назар аударыңыз, 6-шы ұрпаққа жеткенде популяция саны шыңына жетеді және симуляция аяқталады. Параметрлерді қалпына келтіру және тәжірибені қайта бастау үшін “” түймесін басыңыз. № 1 виртуалды тәжірибе 5. Енді тәжірибе жасай бастаңыз. Экранның жоғарғы оң жағында қояндарда қоңыр жүн түріндегі фенотиптік белгі көрсететін мутация бар. Бұл белгіні доминантты белгі (Dominant) ретінде таңдаңыз. 6. Дарақтар арасында қоңыр жүнді қояндар пайда болады. Экваторлық ортада қоңыр түсті қояндар ақ қояндарға қарағанда артықшылыққа ие болады, өйткені олар қоршаған орта фонында көзге бірден ілінбейді. Бұл олардың жыртқыштардың көзіне жиі көрінбеуіне әкеледі және нәтижесінде олардың өміршеңдігін арттырады. Бұл болжамды дәлелдеу үшін қоршаған ортаға жыртқыштарды (қасқырларды) қосыңыз. Ол үшін Environmental factors бөлімінде қасқыр суретінің жанына құсбелгі қойыңыз. 7. Экранда қасқырлар тобы пайда болады, енді ақ қояндардың саны әлдеқайда аз. Нәтижесінде қоңыр қояндар бұл тіршілік ету ортасында біртіндеп басым түрге айналады. 8. Популяцияны кем дегенде 10 ұрпақ бойына бақылаңыз (Generation 10). Екі дарақтың сандық арақатынасын пропорция күйінде көрсету үшін радио түймесін Proportions элементіне ауыстырыңыз. 9. Параметрлерді қалпына келтіріп, симуляцияны қайта бастаңыз. 5-8 қадамдарды қайталаңыз, бірақ бұл жолы шектеулі қоректік ресурстарының популяцияға әсерін тексеріңіз. Ол үшін Wolves орнына Environmental factors бағанында Limited food опциясын таңдаңыз. 10. Популяцияны кем дегенде 10 ұрпақ бойы бақылаңыз (Generation 10). Енді деректерді салыстырыңыз. Бұл жағдайда сіз қандай өзгерістерді байқадыңыз? № 2 виртуалды тәжірибе 11. Келесі тәжірибеде қарлы мекен ортасындағы популяция дамуын бақылаңыз. Ол үшін симуляцияны қайта бастаңыз және жоғарыдан Экватор белгішесін “” Аляскаға “” ауыстырыңыз. Енді біз ақ түсті фондағы ақ қояндарды бақылаймыз. Қоянға жұп қосыңыз. 12. Берілген орта үшін бірінші тәжірибенің 5-8 қадамдарын қайталаңыз. Егер біз қасқырларды қоссақ, олар экватор жағдайына қарағанда ақ қояндарды аз жейді, өйткені бұл қояндардың ақ фонда көзге көрінуі өте қиын. Ал қоңыр түсті қояндар енді ақ фонда айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан бұл мутация популяция үшін пайдалы емес, өйткені қасқырлардыңкөзіне оңай түседі. 13. Нәтижелерді бірінші тәжірибемен салыстырыңыз. 14. Параметрлерді қалпына келтіріп, Limited food факторымен тәжірибе жасаңыз. Нәтижелерді бірінші тәжірибемен салыстырыңыз. Қандай да бір өзгеріс байқалады ма? Есіңізде болсын: ең басты мақсат – табиғи сұрыпталудың популяцияның қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіну үшін белсенді түрде тәжірибе жасау, бақылау және талдау. Қорытынды Бұл виртуалды зертханада оқушылар нақты уақыт режимінде табиғи сұрыпталудың қалай жұмыс істейтінін байқады, бұл оларға эволюцияны түсінуге, сыни ойлауды дамытуға және осы іргелі биологиялық процесті зерттеуге үлес қосуға ықпал ететін білім беру және ғылыми мақсаттар үшін құнды құралға айналды. Терминдер сөздігі Natural selection – Естественный отбор – Табиғи сұрыпталу  Mutation – Мутация – Мутация Dominant trait – Доминантный признак – Доминантты белгі Recessive trait – Рецессивный признак – Рецессивті белгі Brown fur – Коричневый мех – Қоңыр жүнді White fur – Белый мех – Ақ жүнді Straight ears – Прямые уши – Тікқұлақты Floppy ears – Висячие уши – Салпаңқұлақты Long teeth – Длинные зубы – Ұзын тісті Short teeth – Короткие зубы – Қысқа тісті Environmental factors – Факторы окружающей среды – Қоршаған орта факторлары Wolves – Волки – Қасқырлар Limited food – Ограниченные пищевые ресурсы – Шектелген қоректік ресурстар Tough food – Жесткие пища – Қатты қорек Population – Популяция – Популяция Proportions – Пропорции – Пропорциялар Pedigree – Родословная – Шежіре Alleles – Аллели – Аллельдер Generation – Поколение – Ұрпақ

Табиғи сұрыпталу Read More »

Түсті көру

Жоба тақырыбы: Түсті көру Виртуалды зертханалық жұмыстың мақсаты: Виртуалды тәжірибе Бұл виртуалды симуляция адам көзінің әртүрлі түстерді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі. 1. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге екі режим таңдауы беріледі: Single Bulb және RGB Bulbs. Single Bulb режимі 2. Экранда жарықты қабылдауды көрсететін ой көпіршіктері бар адам бетінің кескіні пайда болады.Оң жақта түрлі түсті шамдар мен жарық фильтрлері көрсетілген. 3. Шамның кез келген түсін таңдаңыз (мысалы, қызыл). Адамның бұл түсті қалай қабылдайтынын қараңыз. Шамды сары немесе көк түске ауыстырыңыз және оның қабылдауының өзгеруін бақылаңыз. 4. Адам қабылдайтын, бірақ көзге көрінбейтін жарық бөлшектерін көру үшін фонарьдың “фотонды көрінісін” қосыңыз. 5. Фонарь жарығын ақ түске ауыстырыңыз. Жарыққа және адамның оны қалай көретініне назар аударыңыз. Енді “фотонды көріністі” іске қосыңыз. Не байқадыңыз? Ақ жарық – бұл негізінде әртүрлі түстердің қоспасы, ал біздің миымыз оларды біріктіріп, ақ түс ретінде қабылдайды. 6.  Ал енді ақ жарыққа кез келген түсті фильтр орнатыңыз. Адамның тек сүзілген түсті (мысалы, сары) көруін бақылаңыз. “Фотонды көрініс” барлық түстерді көрсетеді, алайда фильтр көзге тек сары түсті өткізеді. RGB шамдар режимі 7. Енді RGB шамдарының режиміне ауысыңыз. Жарықтың үш негізгі түсі бар: қызыл, жасыл және көк. Бұл түстер RGB түс моделінің негізінде жатыр, оның көмегімен теледидар немесе компьютер мониторының экрандарында кескін пайда болады. Оның атауы-түстердің алғашқы әріптерінен (Red, Green, Blue) жасалған аббревиатура. Біріктірілген олар сансыз басқа түстерді жасайды. Экрандар бұл түстерді әртүрлі реңктерді көрсету үшін әрқилы пропорцияларда пайдаланады.  8. Негізгі түстердің үйлесімі қандай жаңа түстерді беретінін анықтаңыз: Қызыл + Жасыл = Сары Қызыл + Көк = Күлгін Жасыл + Көк = Көгілдір Қызыл + Жасыл + Көк = Ақ 9. Есіңізде болсын: бұл модельдеу біздің миымыз біз көріп отырған жарықты қалай қабылдайтынын көрсетеді, біз қабылдайтын түстердің жарқын әлемін жасайды. Қорытынды Бұл виртуалды зертхана түсті көру мен жарықты манипуляциялаудың артындағы ғылым туралы білудің интерактивті және қызықты әдісін ұсынды. Көрнекі элементтерді, нақты түсіндірмелерді және практикалық зерттеулерді біріктіре отырып, біз осы ұғымдарды терең түсіне алдық. Терминдер сөздігі Color vision – Цветовое зрение – Түсті көру Single bulb- Одна лампа – Бір шам RGB bulbs – Лампы RGB – RGB шамдары monochromatic light – монохромный свет – монохромды жарық white light – белый свет – ақ жарық bulb color – цвет лампы – шам түсі filter color – цвет фильтра – фильтр түсі beam –  луч – сәуле photon – фотон – фотон

Түсті көру Read More »