experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым

Жоба контент

Жаратылыстану

Тыныс алу жүйесінің моделі

Курс туралы Біздің өкпеміз денемізге қажет оттегіні жұтуға мүмкіндік береді, бірақ олар әлдеқайда көп. Сондай-ақ, олар көмірқышқыл газынан арылуға мүмкіндік береді, денеде пайда болатын тіршілік өнімі және олар ән айту, айқайлау және тіпті күлу кезінде маңызды рөл атқарады. Бұл жобада оқушылар өкпе моделін жасайды және оның көмегімен ауа өкпеге қалай оңай кіріп, шығатынын білетін болады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.3 Адам 3.2.3.2 адамның ас қорыту жүйесінің рөлін сипаттау 3.2.3.3 тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

Тыныс алу жүйесінің моделі Read More »

Қанайналым жүйесінің моделі

Курс туралы Бұл жобада оқушылар адамдардың жүрегінің жұмысын және қан айналымы жүйесінің моделін жасайды және жұмыс істеу механизмінің қалай жүзеге асатынын түсіндіреді. Сонымен қатар, олар қан айналымы жүйесі екі шеңберден тұратынын біледі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.3 Адам 3.2.3.4 қанайналым жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

Қанайналым жүйесінің моделі Read More »

Шарлардың қозғалысы

Курс туралы Бұл жобада оқушылар қозғалыс күші деген не және ол немен байланысты екенін біледі. Олар инерция заңы бойынша қозғалатын қолжетімді материалдардан шарлардың қозғалыс макетін жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1 Күштер мен қозғалыс 2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;

Шарлардың қозғалысы Read More »

Судың аққыштығы

Курс туралы Егер сіз үйде ас үйде кран ашсаңыз, одан су ағып жатқанын көресіз. Судың негізгі қасиеттерінің бірі-пішінді бөлшектемей өзгерту мүмкіндігі, бұл аққыштық деп аталады. Бұл жобада оқушылар судың қасиеттері мен ағымдылығын зерттейді. Судың физикалық қасиеттері мен күйін білетін болады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.3 Су 2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір форманың болмауы, аққыштығы);

Судың аққыштығы Read More »

Жұлдызқұрт қозғалысын модельдеу

Курс туралы Бұл жобада оқушылар омыртқалы және омыртқасыз жануарлармен танысады және құрттың қозғалысын сипаттайтын макет құрастырумен айналысады. Жоба топта жұмыс істеуге арналған, бұл студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобада оқушылар макет бөлшектерін салу үшін геометриядан алған білімдерін пайдаланады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.2 Жануарлар 3.2.2.1 жануарларды омыртқалы және омыртқасыздарға жіктеу;

Жұлдызқұрт қозғалысын модельдеу Read More »

Құлақтар: дизайн, өлшем және пішін маңызды ма?

Курс туралы Сіз бұрын соңды шудың қай жақтан шығып жатқанынын, қалай шығатынына қызығушылық танытып көрдіңізбе?Мүмкін сіз дыбысты жақсы естисіз деп үміттеніп, басыңызды бұрдыңыз немесе қолыңызды құлағыңыздың артына қойдыңыз. Егер құлақты үлкен етіп жасаса ше? Өйткені, ерекше есту қабілеті бар кейбір жануарлардың, мысалыға сервал сияқты үлкен құлақтары бар (жабайы мысықтың бір түрі), олар тышқанның жер астына түсіп жатқанын ести алады. Құстар тіпті бүкіл басын сыртқы құлақ ретінде пайдаланады деп саналады. Бұл жобада сіз есту қабілетін жақсартуға көмектесетін кеңестер іздеп, жануарлардың құлағын зерттей отырып, құлақ пішіндері секілді, есту құралын жасап, сынап көресіз. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.3 Адам 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың функцияларын атау

Құлақтар: дизайн, өлшем және пішін маңызды ма? Read More »

Тамшылатып суару әдісі

Курс туралы Бұл жобада оқушылар әртүрлі тұқымдар отырғызады және инфузия жүйесін қолдана отырып тамшылатып суару әдісін қолданады. Тамшылатып суару суды үнемді пайдаланудың ең тиімді әдісі. Шынында солайма, тексеріп көрелік?! Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.1 Өсімдіктер 4.2.1.1 қоректік тізбегіндегі өсімдіктердің рөлін анықтау 4.2.1.2 өсімдіктердің өмірлік циклын сипаттау 4.2.1.3 тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау 4.2.1.4 тұқымның таралу тәсілдерін сипаттау4.2.1.5 төменгі және жоғары өсімдіктерді ажырату 4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау тәсілдерін ұсыну

Тамшылатып суару әдісі Read More »

Құстарға жем салғыш жасайық

Әлемде құстардың көптеген түрлері бар. Олардың кейбірін аулалар мен саябақтардан көруге болады, оларды тіпті қаланың ішінде де кездестіруге болады! Сіздің аймағыңызда құстардың қандай түрлері өмір сүретінін білесіз бе? Олардың мінез-құлқын байқау үшін құстарға мұқият қарадыңыз ба? Бұл жобада сіз құстарды зерттеу үшін оларға жем салғыш жасайсыз. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) кіші бөлімдері Оқыту мақсаттары 2.2 Жануарлар 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату

Құстарға жем салғыш жасайық Read More »

Сарамандық жұмыс №2. “Түрлі зат молекулаларының моделін әзірлеу”

Сарамандық жұмыс туралы ақпарат Бұл сарамандық жұмысты жасау арқылы оқушылар молекуларлардың атомдардан құралатынын түсінетін болады. Сонымен қатар, қарапайым және күрделі заттардың құрылымымен танысатын болады. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқыту мақсаттары Заттар және материалдар Заттардың құрылысы мен қасиеттері 6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу;

Сарамандық жұмыс №2. “Түрлі зат молекулаларының моделін әзірлеу” Read More »

Жылыжай

Курс туралы Бұл жобада оқушылар жылыжай қағидасымен танысады және неліктен адамдар жылыжайда көкөністер мен жемістер өсіретінін білетін болады. Қолжетімді материалдардан жылыжай жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.1 Өсімдіктер 2.2.1.5 топыраққа күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіру 2.2.1.6 өсімдіктерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсіндіру 2.2.1.4 тіршілік ету ортасына және қоршаған орта жағдайларына (ылғалға)бейімделу тәсілдері бойынша өсімдіктер топтарын салыстыру

Жылыжай Read More »