experimentum.kz

1 сынып

Өсімдіктердің бөліктері

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада оқушылар өсімдіктермен танысады, өсімдіктер немен қоректенеді,фотосинтез процесі қалай жүреді. Оқушылар тірі табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын және табиғатты қалай сақтау керектігін біледі. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.1 Өсімдіктер 1.2.1.3-өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату 1.2.1.4 Өсімдіктердің өмір сүру жағдайларын зерттеу

Өсімдіктердің бөліктері Read More »

Гүлдің 3D моделі

Курс туралы 3D гүл моделін бөлшектерден қалай жасауға болады. Балаларға арналған қарапайым ғылым. Раушандарды зерттеп, өзіңіздің 3D раушандарыңызды жасаңыз. Өсімдік бөліктерінің 3D модельдері сіздің көктемгі сабақтарыңызға керемет қосымша болып табылады. 3D гүл моделін бөлшектерден қалай жасауға болады! “3D гүл моделі” ғылыми жобасы балаларға гүлдердің бөліктеріне қатысты барлық нәрсені үйретеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.1 Өсімдіктер 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын анықтау 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

Гүлдің 3D моделі Read More »

Жұлдызқұртты өз қолымызбен жасап көрейік

Бұл жобада оқушылар жұлдызқұртты өз қолдарымен жасап үйренеді және сол уақытта жұлдызқұрттың не екенін, сонымен қатар жұлдызқұрттың көбелекке айналатынын айтып оқушыларды осындай табиғат ғажайыптарының бірімен таныстыруға болады, яғни жұлдызқұрт тек құрт болып қана қоймай оның көбелектің даму сатысы екені оқушыларға өте қызықты болатынына сеніміміз мол. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) кіші бөлімдері Оқыту мақсаттары 2.1 Өсімдіктер және 2.2 Жануарлар 1.2.1.5 өсімдіктерге күтім жасау тәсілдерін сипаттаңызһһ1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың қасиеттері мен айырмашылықтарын анықтау

Жұлдызқұртты өз қолымызбен жасап көрейік Read More »

Жануарлар жинағы

Курс туралы Жоба «Жиындар және олармен жасалатын амалдар» тақырыбын үйренудің негізін салуға арналған. Оқушылар әртүрлі жануарлармен және олардың мекендейтін ортасымен танысады. Жобаның екінші бөлімінде оқушылар жануарларды тіршілік ету ортасына қарай топтарға бөледі. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 4.1 жиындар және олармен операциялар жүргізу 1.2.4.2 заттарды белгілер бойынша жиындарға топтастыру, жұп құру көмегімен заттар тобын салыстыру

Жануарлар жинағы Read More »

Біздің үйдегі электр энергиясы

Курс туралы Бұл жобада оқушылар электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі маңыздылығын зерттейді. Осылайша, олар жанып тұрған жарық диодтарымен ашық хат жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.5 Электр тогы 1.5.5.1 электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Біздің үйдегі электр энергиясы Read More »

Дене биометриясы

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада оқушылар сыныптастарының денелерінің орташа мәнін және стандартты ауытқуын есептеуді, және статистикалық мәліметтер негізінде өздерінің физикалық формалары мен сыныптастарының формаларын бағалауды үйренеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 1.1.1.1 Қоршаған ортаның құбылыстарын, үрдістері мен нысандарын оқып меңгерудің қажеттілігін түсіндіру

Дене биометриясы Read More »