Аққала – қыстың символы

Практикалық материал

Бөтелке қақпақтары — 2 дана

А4 қағаз

Сары, қызыл, қоңыр түсті картон қағаз

Ақ пластилин

Фломастер

Қалам

Қайшы

Екіжақты жабысқақ таспа

[fvplayer id=»1058″]

1-қадам. Ақ қағазға қақпақты айналдыра шеңбер сызыңыз. Шеңбердің жоғары жағына қақпақты қайта қойып тағы бір шеңбер сызып, қиып алыңыз. Аққала пішіні дайын. Осылай 2 аққала жасаңыз.

2-қадам. Қызыл, сары түсті қағазға аққаланың қалпағын, қоңыр қағазға қолдарын салыңыз. Оларды қиып алыңыз. 

3-қадам. Аққалалардың қалпағы мен қолдарын желімдеңіз.

4-қадам. Түрлі түсті фломастермен олардың бет-бейнесін жасаңыз.  

5-қадам. Қақпақтың үстіне екіжақты жабысқақ таспаның көмегімен аққаланы жабыстырыңыз.

6-қадам. Қақпақтың артқы бөлігіне пластилин жабыстырыңыз.

Дайын! Аққаланы түрту арқылы қозғалысқа келтіре аласыз. 

Қорытынды

Бұл жоба балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып, аққала жасау дәстүрін шығармашылықпен байланыстыруға көмектеседі. Аққаланы құрастыру барысында балалар қысқы ертегілер әлеміне еніп, өз қиялдарын іске асырады. Жобаның нәтижесінде олар өз қолдарымен ерекше қысқы кейіпкер жасап, онымен ойнай алады. Бұл олардың өз еңбектеріне деген мақтаныш сезімін арттырып, қысты көңілді әрі есте қаларлық мезгіл ретінде қабылдауға ықпал етеді.

- Бөтелке қақпақтары - 2 дана - А4 қағаз - Сары, қызыл, қоңыр түсті картон қағаз - Ақ пластилин - Фломастер - Қалам - Қайшы - Екіжақты жабысқақ таспа