Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Function Builder by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Мақсаты:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.

Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тарауы бойынша пайдалануға арналған:

  • 6 сынып.«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»

Теориялық бөлім

1. Анықтама:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу ax+b=0 түрінің теңдеуі деп аталады, мұндағы: a және b — қандай да бір сандар (теңдеудің коэффициенттері), a0. x — белгісіз айнымалы.

2. Мысалдар:

  • 3x — 5 = 0
  • -2x + 7 = 0
  • 0.5x — 12.3 = 0

3. Сызықтық теңдеуді шешу:

Мақсаты: теңдеу дұрыс болатын x айнымалысының барлық мәндерін табу.

Алгоритм:

  • Құрамында x бар барлық өрнектерді теңдеудің бір жағына шығарыңыз.
  • Еркін мүшесін (x жоқ сан) теңдеудің басқа жағына ауыстырыңыз.
  • Теңдеудің екі бөлігінде де осындай өрнектер келтіріңіз.
  • Теңдеудің екі бөлігін де x коэффициентіне бөліңіз.

Мысал:

3x — 5 = 0

3x = 5

x = 5/3

Жауап: x = 5/3

Виртуалды эксперимент

Теңдеулер экранында оқушылар алгебралық функцияның бірнеше көріністерін түсіндіре, салыстыра және аудара алады. Берілген кірістер бойынша функцияның шығуын болжап, жаңа функция жасай алады.

Жұмыс барысы:

1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 4 түрлі режим беріледі: “Patterns”, “Numbers”, “Equations” және “Mystery”. Сіз бұл экспериментте “Equations” бөлімінде жұмыс жасайтын боласыз. “Equations” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Сізге берілген: 

  • Кіріс сандар тақтасы (1);
  • Функция машинасы (2);
  • Функция құруға арналған арифметикалық амалдар мен сандар (3);
  • Функция мәндер тақтасы (4);
  • Функция машинасында орналасқан амалдарды жасыратын батырма (5);
  • Функция машинасындағы кіріс санға жасалған әрбір амалдардан кейін өрнектің мәнін көрсететін батырма (6);
  • Функция машинасындағы кіріс сандарды және функция мәнін көрсететін кесте (7);
  • Функция машинасындағы функция графигін көрсететін кесте (8);
  • Функция машинасындағы теңдеу түрін көрсететін кесте (9);
  • Функция мәндер тақтасындағы сандарды кетіретін өшіргіш (10);
  • Қайта бастау батырмасы (11).

3-қадам. Функция машинасындағы кестелерді ашыңыз.

4-қадам. Функция машинасына арифметикалық амалды орналастырыңыз. Сіз сандарды -3 пен +3 аралағында өзгерте аласыз. Қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдана аласыз. 

5-қадам. Кіріс санды функция машинасына енгізіңіз. Кіріс тақтасында (-5; 7) сандары және x айнымалысы берілген.

6-қадам.  Кестелерден кіріс санын, функция мәнін, графигін және теңдеуді көре аласыз. Функция мәндер тақтасында өрнектің мәні пайда болады. 

7-қадам. Функция машинасына тағы әртүрлі арифметикалық амалдар орналастырыңыз. Сіз онда үш амалға дейін орналастыра аласыз.

8-қадам. Функция машинасына кіріс санды енгізіңіз. Функция деректерін зерттеңіз. 

9-қадам. Кіріс санға жасалған әрбір амалдардан кейін өрнектің мәнін көрсететін батырманы іске қосыңыз. Кіріс санын енгізіңіз. Бірінші амал орындағаннан кейін өрнектің мәні көрсетіледі. 

10-қадам. Келесі амалды орындау үшін өрнектің мәнін тышқанның сол жағын басып тұрып, келесі амалдан өткізесіз.

11-қадам. Деректерді өзіңіз қалағандай өзгертіп, түрлі өрнектер құрастырыңыз. Сіз кіріс сандар тақтасын, амалдарды қолдана аласыз.

Қорытынды

Оқушылар үшін бұр виртуалды жұмыста берілген функция машинасымен жұмыс істеу — функцияларды және олардың кірістерге әсерін зерттеудің қарапайым әдісі болып табылады. Қадамдарды дәйекті орындау әр түрлі арифметикалық амалдармен және кіріс сандарымен тәжірибе жасауға, сондай-ақ функция мәндеріндегі және теңдеулеріндегі өзгерістерді байқауға мүмкіндік берді.