Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер
Build a Fraction by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Бөлшектерге қатысты есептер шығарып үйрену.
Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:
- 4 сынып. “Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер”
Теориялық бөлім
Бүтіннің бөлігі дегеніміз не?
Дәмді тортты елестетіп көріңіз. Сіз оны досыңызбен бірдей бөлісуді шештіңіз. Сіз не істейсіз? Сіз тортты екі тең бөлікке бөлесіз. Мұндай бөліктердің әрқайсысы жартысы немесе математикалық тұрғыдан 1/2.
Бөлшектер мен бөлшектер
- Бөлшек дегеніміз — бүтіннің қай бөлігін алғанымызды көрсететін сан.
- Алымы (жоғарғы сан) біз қанша бөлік алғанымызды көрсетеді.
- Бөлімі (төменгі Сан) бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
Бөлікті бүтіннен табуға арналған тапсырмалар
Бұл бізге бүтін сан (мысалы, алма саны) және бөлшек (мысалы, 1/4) берілген есептер. Біздің міндетіміз — бұл нақты сандарда қанша болатынын табу (қанша алма).
Мысал: Вазада 12 алма бар. Арман алманың 1/4 бөлігін жеді. Арман қанша алма жеді?
Мұндай мәселелерді қалай шешуге болады?
- Бүтін санды бөлшек бөлгішке бөліңіз. Біздің мысалда: 12 алма / 4 = 3 алма.
- Алынған санды бөлшек алымына көбейтіңіз. Бірақ бізде алымы 1 болғандықтан, оны көбейтудің қажеті жоқ.
Жауап: Арман 3 алма жеді.
Виртуалды эксперимент
Бұл виртуалды жұмыста оқушылар ойын ойнау арқылы әртүрлі пішіндегі бөліктерден бөлшектер құрастырады. Кейбір тапсырмаларда сандық есептер, басқаларында бейнелеу есептері бар.
Жұмыс барысы:
1-бөлім. Дұрыс бөлшектерді құрып үйрену
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 3 түрлі режим беріледі: “Build a fraction”, “Mixed numbers”, “Lab”. “Build a fraction” бөлімін таңдаңыз.

2-қадам. Сізге әртүрлі деңгейлер беріледі. Пішіндер суреті берілген деңгейлерде бөлшектер сандар түрінде берілген, сол бойынша пішіндерден бөлшектерді құрастыратын боласыздар. Ал сандармен берілген деңгейлерде бөлшектер пішіндер түрінде берілген, сол бойынша бөлшектерді сандармен жазып шығасыз. Берілген деңгейлерден біреуін таңдаңыз.

3-қадам. Экранның оң жағында құрастыру керек бөлшектер берілген. Ортада сол бөлшектерді құрастыра аласыз. Ал астыңғы бөлікте бөлшектерді құрастыруға арналған элементтер берілген. Сол жақта кері оралу және қайта бастау батырмалары орналасқан.

4-қадам. Бірінші бөлшек түрін құрастырыңыз.

5-қадам. Дұрыстығын тексеру үшін тінтуірдің сол жағын басып сүйреу арқылы берілген бөлшек қасындағы бос орынға апарыңыз. Егер бөлшек дұрыс құрастырылған болса бос орынға орналасады, ал егер қате болса бөлшек құрастыруға арналған жерге қайта оралатын болады.

6-қадам. Қалған бөлшек түрлерін де құрастырып шығыңыз.

7-қадам. Дұрыс орындап болған соң, келесі деңгейге өтіп басқа да берілген бөлшектерді орындай аласыз. Немесе сол жақ жоғарыда орналасқан “кері оралу” батырмасын басып деңгейлер бөліміне қайтып, басқа деңгейді таңдай аласыз.

2-бөлім. Аралас бөлшектерді құрып үйрену
8-қадам. “Mixed numbers” бөлімін таңдаңыз. “Build a fraction” бөліміндегі сияқты сізге әртүрлі деңгейлер беріледі. Берілген деңгейлерден біреуін таңдаңыз.

9-қадам. Бірінші бөлшек түрін құрастырыңыз. Берілген бөлшек қасындағы бос орынға апарып орналастырыңыз. Қате болған жағдайда бөлшек құрастыруға арналған жерге қайта оралатын болады.

10-қадам. Қалған бөлшек түрлерін де құрастырып шығыңыз.

11-қадам. Дұрыс орындап болған соң, келесі деңгейлерге өтіп басқа да берілген бөлшектерді орындай аласыз.

Қорытынды
Оқушылар берілген симулятордағы тапсырмаларды орындай отырып, жай бөлшек, аралас сандар тақырыбындағы білімдерін шыңдай түседі. Бөлшектерге қатысты есептер шығарып үйренуде көмекші құрал бола алады.
Терминдер сөздігі
- Build a fraction — Построить дробь — Бөлшек құру
- Mixed numbers — Смешанные числа — Аралас сандар
- Lab — Лаборатория — Зертхана
- Level — Уровень — Деңгей