Газ күйінің қасиеттері
Gas Properties by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
Қысым, көлем және температураның біреуінің өзгерісі газдың басқа параметрлеріне әсер етуі
Виртуалды эксперимент
Виртуалды симуляцияда газ бөлшектерінің қасиеттерін: көлемі өзгеруін, жылу әсерінен бөлшектердің қозғалысын көре аласыз. Бұл эксперимент газ бөлшектерінің қозғалысы симуляциясының жалғасы, одан ары газ қасиеттерін ашып түсіреді.
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.
Жұмыс барысы:
1-қадам. “Газ бөлшектерінің қасиеттері” виртуальды экспериментіне кірген уақытта сізде төрт түрлі бөлім беріледі: идеал газ, зерттеу, энергия және диффузия. Сіз бұл жұмыста идеал бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз.
2-қадам. Параметр көрсеткішінен енін белгілеу арқылы экранға шығарыңыз. Қорап ені 10 нанометр екенін көре аласыз.

3-қадам. Қорапқа бөлшектерді енгізу құралы арқылы бөлшектерді енгізіңіз. Олардың санын бөлшектер бөлімінен қарай аласыз. Және қораптың ішіндегі температура мен қысымның өзгерісін бақылай аласыз.

4-қадам. “Тұрақтыны” ештеңеден көлемге өзгертіңіз. Сол уақытта сізде көлем тұрақты болады.

5-қадам. Қыздыру немесе суыту арқылы температура мен қысымның өзгерісін бақылаңыз.

6-қадам. “Тұрақтыны” температуға өзгертіңіз, енді сізде басқа параметрлер өзгеріп жатқанда температура өзгеріссіз қалады.

7-қадам. Қорап көлемін кеңейтіп немесе сығып көріңіз. Көлемі сығылған уақытта қысымның артып, кеңейген уақытта азаятынын байқайсыз.

8-қадам. “Тұрақтыны” қысымға ауыстырыңыз.

9-қадам. Қыздыру немесе суыту арқылы температура мен көлемнің өзгерісін бақылаңыз.

10-қадам. “Тұрақтыны” қысымның келесі түріне ауыстырыңыз. Бұл жерде де сізде қысым тұрақты болады.

11-қадам. Сіз мұнда қораптың көлемін кеңейту немесе сығу арқылы температура мен көлемнің пропорционалды түрде артатынын немесе кемитінін көре аласыз.

12-қадам. Егер қажет деп тапсаңыз, симуляцияда көрсетілген басқа да параметрлерді пайдалану арқылы экспериментті қалауыңызша жалғастыра аласыз.

13-қадам. Тұрақтыларды өзгерткенде қорапта, бөлшектерде пайда болған өзгерістерді бақылап, қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Виртуалды эксперимент арқылы газ бөлшектерінде қысым, көлем және температураның өзара бір-біріне әсерінен пайда болатын өзгерістер көрсетілді.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- nothing — ештеңе
- volume — көлем
- temperature — температура
- pressure — қысым
- width — ені
- stopwatch — секундомер
- collision counter — соқтығысу есептегіші
- particles — бөлшектер
- heat — ысыту
- cool — салқындату
- heavy — ауыр
- light — жеңіл