Гидростатикалық қысым
Under Pressure by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Тереңдікке байланысты ауа мен судың қысым өзгересін сипаттау.
- Қысымға әсер ететінін айнымалыларды сипаттау.
- Әртүрлі жағдайларда қысымды болжау.
Виртуалды эксперимент
Виртуалды симуляцияда қысымды модельдеу оқушыларға су астындағы және үстіндегі қысымды, сондай-ақ сұйықтық тығыздығының, ауырлық күшінің, контейнер көлемінің өзгеруін зерттеуге мүмкіндік береді.
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:
1-бөлім: Су мөлшері мен қысымның өзара байланысы
1-қадам. Симуляция қосылған кезде:
- Атмосфералық қысым метрикалық бірліктерде көрсетіледі.
- Сұйықтық түрі: су.
- Судың тығыздығы: 1000 кг/м3.
- Жердің тартылыс күші: 9,8 м/с2.
- Экранға контейнердің тереңдігін көрсететін торды шығарыңыз.
2-қадам. Барометр арқылы су құйылған контейнердің әр бөлігіндегі қысымды өлшеңіз.
3-қадам. Контейнердің төменгі жағында орналасқан кран арқылы судың біршама бөлігін ағызыңыз. Қысымын өлшеңіз.
4-қадам. Контейнерге су құйыңыз. Контейнердің әр бөлігіндегі қысымды өлшеңіз. Алынған мәндерді 2 және 3-қадам нәтижелерімен салыстырыңыз.
2-бөлім: Параметрлерді өзгерту арқылы қысымды өлшеу
5-қадам. Атмосфералық қысымды алып тастап, қысымды қайта өлшеп көріңіз.
6-қадам. Өлшем бірлікті метрикалықтан атмосфералыққа ауыстырып өлшеңіз.
7-қадам. Атмосфералық қысымды қосып, атмосфералық өлшем бірлікті пайдаланып өлшеп көріңіз.
8-қадам. Тартылыс күшін Жерден Марсқа ауыстырыңыз. Қысымды метрикалық өлшем бірлікке ауыстырып, өлшеңіз.
9-қадам. Тартылыс күшін Марстан Юпитерге ауыстырыңыз. Қысымын өлшеңіз.
3-бөлім: Бензин мен бал үшін қысымды өлшеу
10-қадам. Сұйықтықты судан бензинге ауыстырыңыз. Қысымын өлшеңіз.
11-қадам. Бензин үшін 3-10 аралығындағы қадамдарды қайталап, параметрлерін өзгерту арқылы қысымды өлшеңіз.
12-қадам. Сұйықтық түрін балға ауыстырыңыз. Қысымын өлшеңіз.
13-қадам. Бал үшін 3-10 қадамдардағы сияқты параметрлерін өзгерту арқылы қысымды өлшеңіз.
14-қадам. Жасалған виртуалды имитацияға қарап қандай қорытындыға келдіңіз? Су мөлшері, материктердің тартылыс күші, сұйықтық түрлері қысымға қалай әсер етеді екен?
Қорытынды
Сұйықтықтың көлемінің артуы мен қысымның артуы тура пропорционал екені және материктердің тартылыс күшінің қысымға әсері сипатталды.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- pressure — қысым
- ruler — сызғыш
- grid — тор
- atmosphere — атмосфера
- on — қосылған
- off — өшірілген
- units — бірлік
- metric — метрикалық
- atmospheres — атмосфералық
- english — ағылышындық
- fluid density — сұйықтық тығыздығы
- gasoline — бензин
- water — су
- honey- бал
- gravity — тартылыс
- Mars — Марс
- Earth — Жер
- Jupiter — Юпитер