Сүйікті қозым
Практикалық материал
Жұмсақ ермексаз (қара және ақ түсті)
Мақта таяқшалары
Көзшелер (немесе қарапайым қағаздан жасауға болады)
қайшы
Менің отбасым
1- қадам. Қозының денесі: Ақ түсті ермексаздан домалақ мүсін жасаңыз.

2-қадам. Қозының жүнін жасау үшін сізге мақта ұштары қажет болады. Ол үшін мақта таяқшаларының ұштарын қайшымен қиып алыңыз.

3-қадам. Енді осы ұштарды ермексаздыайнала орналастырыңыз. Қозының басына ашық орын қалдырыңыз.

4-қадам. Қозының аяқтарын жасап, денесіне қосыңыз.

5-қадам. Қозының басы: Қара ермексаздан бас пішінін және құлақтарын мүсіндеп, оларды денесімен біріктіріңіз.


6-қадам. Қозының басына дайын көздерді жабыстырыңыз.

7-қадам. Қалған мақта ұштарын төбесіне орналастырыңыз.

Дайын!

Қорытынды
Бұл жоба қарапайым және қолжетімді материалдарды қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін арттырады. Балалар өздерінің сүйікті қозысын жасап, оны ерекше мақтанышпен көрсете алады.