Жай бөлшектер: Теңдік
Fractions: Equality by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру және теңестіру
- Жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.
Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:
- 5 сынып. “Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру”
Теориялық бөлім
1. Бөлшектердің теңдігі
Егер екі бөлшек те бүтіннің бірдей бөлігін білдірсе, тең деп саналады.
Мысал: 1/2 = 2/4
Түсіндіру:
- Екі бөлшек те бүтіннің жартысын білдіреді.
- 1/2-екінің бір бөлігі, ал 2/4 — төрттің екі бөлігі.
- Бұл бөліктер бір-біріне тең, сондықтан бөлшектер тең.
2. Бөлшектерді салыстыру:
2.1. Бөлгіштерді салыстыру.
Мысал: 1/3 > 1/4
Түсіндіру:
- Бөлімі бүтіннің қанша бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
- Бөлгіш неғұрлым үлкен болса, бөлік соғұрлым аз болады.
- Сондықтан 1/3 > 1/4.
2.2. Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.
Мысал: 1/2 > 3/8
Түсіндіру:
- 1/2 және 3/8 бірдей бөлімге ие емес.
- Екі бөлшекті де ортақ бөлімге келтірейік 8:
- 1/2 * 4/4 = 4/8
- 3/8 * 1/1 = 3/8
- Енді екі бөлшек те бірдей бөлгішке ие.
- 4/8 > 3/8, сондықтан 1/2 > 3/8.
2.3. Алымдарын салыстыру.
Мысал: 2/3 > 1/3
Түсіндіру:
- Алымы қанша бөлік алынғанын көрсетеді.
- 2/3-3-тен екі бөлік, ал 1/3 — 3-тен бір бөлік.
- Алымы неғұрлым үлкен болса, бөлік соғұрлым үлкен болады.
- Сондықтан 2/3 > 1/3.
3. Эквивалентті бөлшектер:
Эквивалентті бөлшектер — бұл бір-біріне тең бөлшектер.
Мысал: 1/2, 2/4, 3/6-эквивалентті бөлшектер.
Түсіндіру:
- Бұл бөлшектердің барлығы бүтіннің бір бөлігін білдіреді.
- 1/2-бүтіннің жартысы, 2/4-бүтіннің төрттен екісі, ал 3/6 — бүтіннің алтыдан үш бөлігі.
- Бұл бөліктердің барлығы бір-біріне тең, сондықтан бөлшектер эквивалентті.
Виртуалды эксперимент
“Бөлшек: теңдік” симуляторы ойыны оқушыларға әртүрлі бөлгіштері бар эквивалентті бөлшектерді зерттеуге, содан кейін ойын экранында түсініктерін тексеруге мүмкіндік береді.
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:
Бөлім 1. Теңдік зертханасы
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 2 түрлі режим беріледі: “Equality Lab screen” және “Game”. “Equality Lab screen” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:
- Екі бөліктен тұратын бөлшектердің әртүрлі көріністері: дөңгелек, тіктөртбұрыштар, цилиндр және кесінді;
- Бөлшек моделінің бос қаңқалары;
- Бөлшектерді құрайтын пішіндер;
- Теңдік өрнегі;
- Бөлшектің алымын және бөлімін өзгертетін батырмалар;
- Бөлшек моделінің бос қаңқасының бөліктер санын өзгертетін батырма;
- Қайта бастау батырмасы.

3-қадам. Экранның сол жақ бөлігінде орналасқан бос қаңқаға пішінді орналастырыңыз. Сізде оң жақтағы бос қаңқа автоматты түрде толықтырылады. Пішіндер астындағы теңдіктен 1/1=2/2 екенін көресіз.

4-қадам. Сол жақтағы бос қаңқаны тағы пішіндермен толтырыңыз. Әр толтыру сайын теңдіктің өзгерісіне мән беріңіз.

5-қадам. Қайта бастау батырмасын басыңыз.

6-қадам. Бөлшек моделінің бос қаңқасының бөліктер санын 3-ке арттырыңыз.

7-қадам. Сол жақтағы бос қаңқаны пішінді орналастырыңыз. Сізде оң жақтағы бос қаңқа автоматты түрде толықтырылады. Пішіндер астындағы теңдіктен 1/1=3/3 екенін көресіз.

8-қадам. Сол жақтағы бос қаңқаны тағы пішіндермен толтырыңыз. Әр толтыру сайын теңдіктің өзгерісіне мән беріңіз.

9-қадам. Қайта бастау батырмасын басыңыз. Бөлшектің бөлімін 2-ге арттырыңыз.


10-қадам. Бос қаңқаларға пішіндерді орналастыру арқылы теңдіктегі өзгерістерді зерттеңіз.

11-қадам. Бөлшек моделінің пішіндерін ауыстырып, өзгерістерді зерттеңіз.

12-қадам. Қайта бастау арқылы бөлшек бөлімін өзгерте отырып, бірнеше теңдік түрлерін зерттеңіз.

Бөлім 2. Бөлшектерді теңестіріп үйренуге арналған ойын
13-қадам. Симуляциядан “Game” режимін ашыңыз. Сізге 8 деңгей беріледі. Бірінші деңгейді таңдаңыз.

14-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:
- Экранның жоғары жағында менің теңестірген сәйкестіктерім орналасатын бос ұяшықтар;
- Бөлшектерді теңестіруге арналған таразылар;
- Теңестіру керек бөлшектер;
- Оң жақта деңгей нөмері мен жинаған ұпай саныңыз көрсетіледі;
- Сол жақта кері оралу және қайта бастау батырмалары.

15-қадам. Теңестіру керек бөлшектерден біреуін таңдап, таразыға орналастырыңыз.

16-қадам. Басқа бөлшектердің арасынан оған тең бөлшек түрін тауып, екінші таразыға орналастырыңыз.

17-қадам. Дұрыстығын “тексеру” батырмасы арқылы тексеріңіз. Егер дұрыс болса “ок” батырмасын басу арқылы жоғарыдағы бос ұяшыққа орналастырыңыз. Ал егер қате болса “қайта байқап көру” батырмасын басып, теңдікті қайта орындаңыз.


18-қадам. Қалған бөлшек түрлерін өзара теңестіріп, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

19-қадам. Барлығын дұрыс орындап болған соң, келесі деңгейге “жалғастыру” батырмасын басу арқылы өте аласыз.

20-қадам. Әр деңгейдегі тапсырмаларды біліміңізді шыңдау үшін өз қалауыңызша жалғастырып орындасаңыз болады.

Қорытынды
Осы виртуалды зертханалық жұмысты орындау аясында оқушылар бөлшектер контекстіндегі теңдіктің әртүрлі аспектілерін зерттеді.
Эксперименттің 1-бөлімінде оқушылар бөлшек модельдерімен жұмыс жасады, олардың теңдіктерін зерттеді. 2-бөлім бөлшектерді теңестіруді үйренуге арналған ойын түріндегі жаңа форматты ұсынды. Мұнда оқушылар әр түрлі бөлшектер арасындағы сәйкестікті табуға машықтанды. Бұл оқушыларға алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға, сондай-ақ логикалық ойлау мен бөлшектермен жұмыс істеу дағдыларын ойын түрінде дамытуға мүмкіндік берді.