Молекула құрылымы

Build a Molecule by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

video
play-rounded-fill

Мақсаты:

  • Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын түсіну;
  • Молекуларлардың құрылымын түсіну.

Бұл виртуалды зертхана жаратылыстану сабағында келесі тақырып бойынша пайдалануға арналған:

  • 6 сынып. І тарау. “Заттар неден тұрады”

Виртуалды эксперимент

Молекула құрылымы симуляциясы оқушыларға атомдардан молекулалар жасауға, олардың молекулалық формулалары мен химиялық атауларын білуге және олардың құрылымдарын 3D форматында көруге мүмкіндік береді.

Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:

1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 3 түрлі режим беріледі: “Single”, “Multiple” және “Playground”. Бұл жұмыста қарапайым молекулалар құрып үйренетін боласыз. Ол үшін “Single” режимін таңдаңыз. 

2-қадам. Экранда молекулаларды жинақтауға арналған аймақ көрсетілген. Молекулаларды атомдардан жинайсыз. Сізге берілген:

  • Элементтері бар себеттер: олардың құрамында әртүрлі элементтердің атомдары бар.
  • “Your molecules” бөлімі: мұнда сізге орындауға арналған молекула формулалары көрсетілген, мысалы “H2O”.

3-қадам. “H2O”-су молекуласын құруды бастаңыз. H2O- сутегі атомы -2 дана(H жанында “2”), оттегі атомы -1 дана екенін көрсетеді. Себеттерде молекуланы құру үшін қажетті атомдар орналасқан.

4-қадам. Бір оттегі атомын және екі сутегі атомын жұмыс аймағына шығарыңыз. Молекуланы дұрыс қалыптастыру үшін атомдар байланысуы керек. Формула “H2O” мәніне сәйкес келгенше атомдарды бір-бірімен байланыстырыңыз. Назар аударыңыз: атомдар дұрыс байланысқан жағдайда “Your molecules” бөлімінде ұяшық көк түспен боялады.

5-қадам. Дайын болған “H2O”-су молекуласын “Your molecules” бөліміндегі қажетті өріске орналастырыңыз.

6-қадам. Су молекуласының 3D үлгісін көру үшін 3D түймесін басыңыз.

7-қадам. Келесі молекуланы құру үшін келесі жиынтыққа көшіңіз. Ол үшін көрсеткіні пайдаланыңыз.

8-қадам. “Your molecules” бөлімінде келесі “О2”-оттегі молекуласы берілген. 

9-қадам. “О2” молекуласы оттегінің 2 атомынан құралған. Сондықтан жұмыс аймағына 2 оттегі атомдарын шығарып, байланыстырыңыз. 

10-қадам.  Дайын болған “О2”-оттегі молекуласын “Your molecules” бөліміндегі қажетті өріске орналастырыңыз.

11-қадам. Су молекуласының 3D үлгісін көру үшін 3D түймесін басыңыз.

12-қадам. Осы қадамдар тізбегін қайталай отырып, барлық молекулаларды жинақтап, тапсырманы толығымен орындап шығыңыз. Келесі молекулалар коллекциясын жинақтау үшін “Next collection” батырмасын басыңыз.

13-қадам. Қорытынды жасаңыз: Молекула мен атомның айырмашылығы қандай? Молекула қалай құралады? Құраған молекулалардың қайсысы қарапайым, қайсысы күрделі молекулаға жатады?

Қорытынды

Бұл виртуалды жұмысты жасау арқылы оқушылар молекуларлардың атомдардан құралатынын түсінді. Молекулалардың құрылымын визуалды түрде көрді. Атомдар алуан түрде бір-бірімен қосыла отырып, түрлі заттардың орасан зор көлемін түзетініне көз жеткізді. 

Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

  • your molecules — сіздің молекулаларыңыз
  • collection — жинақ
  • water – су
  • molecular oxygen – оттегі молекуласы
  • molecular hydrogen – сутегі молекуласы
  • carbon dioxide – көмірқышқыл газы
  • molecular nitrogen – азот молекуласы
  • hydrogen – сутегі
  • oxygen – оттегі
  • carbon – көміртек
  • nitrogen – азот