Сандар. Заттарды санау
Number Play by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- 0-20 сандарды оқуды оқу және жазу;
- 20-ға дейін санауды үйрену.
Бұл виртуалды жұмыс 1 сынып математика сабағында сандар, заттарды санау тақырыптары бойынша пайдалануға арналған.
Теориялық бөлім
Сандар дегеніміз не?
Сандар — бұл заттардың санын көрсету үшін қолданатын арнайы таңбалар. Барлығы 10 сан бар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Санауды қалай үйренуге болады?
Санауды үйрену үшін сізге қажет:
Сандардың атауларын есте сақтаңыз: 0 (нөл), 1 (бір), 2 (екі), 3 (үш), 4 (төрт), 5 (бес), 6 (алты), 7 (жеті), 8 (сегіз), 9 (тоғыз).
Саусақтарыңызбен сандарды көрсете білу:
- 0-алақанды жұдырыққа қысыңыз.
- 1 — бір сұқ саусақты ашыңыз.
- 2 — екі саусақты ашыңыз (сұқ және ортаңғы саусақ).
- 3 — үш саусақты ашыңыз (сұқ, ортаңғы және аты жоқ саусақ).
- 4 — төрт саусақты ашыңыз (кішкентай саусақтан басқа барлық саусақтар).
- 5 — барлық бес саусақты ашыңыз.
- 6 — бір қолдың бес саусағын, екінші қолдың бір саусағын көрсетейік.
- 7 — бір қолдың бес саусағын, екінші қолдың екі саусағын көрсетейік.
- 8 — бір қолдың бес саусағын, екінші қолдың үш саусағын көрсетейік.
- 9 — бір қолдың бес саусағын, екінші қолдың төрт саусағын көрсетейік.
- 10-әр қолдың бес саусағын көрсетейік.
Есепте жаттығу:
- Айналаңыздағы заттарды санаңыз: ойыншықтар, қарындаштар, түймелер, орындықтар.
- Сандары бар арнайы карталарды немесе онлайн ойындарды пайдаланыңыз.
- Достарыңызбен немесе отбасы мүшелеріңізбен бірге санаңыз.
Виртуалды эксперимент
“Заттарды санау” симуляторы оқушыларға сандармен танысуға және үйренуге мүмкіндік береді. Экранда сандар мен суреттер көрсетілуі оқушыларға визуалды түрде заттарды санап үйренуге оңай болады.
Жұмыс барысы:
Бөлім 1. 1-10 сандармен жұмыс
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 4 түрлі режим беріледі: “Ten”, “Twenty”, “Game” және “Lab”. “Ten” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:
- Санның ағылшынша атауы жазылған терезе (1);
- Сан көрсетілген терезе (2);
- Заттардың саны көрсетілетін 10 тордан тұратын кесте (3);
- Сандар мен заттарды орналастыруға арналған екі тақта және салыстыратын заттар: күшік, алма, көбелек, доп (4);
- Тақтаға орналастырған заттарды реттеуге арналған кестелер (5);
- Затты рамкамен және рамкасыз түрінде көруге болады (6);
- Қайта бастау батырмасы (7).

3-қадам. Заттарды орналастыруға арналған 1-ші тақтаға тышқанның сол жағын басып тұру арқылы 1 санын орналастырыңыз. Автоматты түрде 2-ші тақтада 1 күшік пайда болады. Сан көрсетілген терезеде “1” саны көрсетіледі.

4-қадам. 1-ші тақтаға тағы 1 санын орналастырыңыз. 2-ші тақтада 2 күшік болады. Сан көрсетілген терезеде “2” саны көрсетіледі.

5-қадам. Дәл осылай 10-ға дейін сандарды шығара отырып, күшіктерді санаңыз.

6-қадам. Қайта бастау батырмасын басып, тақталарды тазалаңыз. Күшікті басқа затқа ауыстырыңыз. Мысалы, алма.

7-қадам. Бір дана затты (алманы) 2-ші тақтаға шығарыңыз. 1-ші тақтада автоматты түрде 1 саны пайда болады.

8-қадам. Тақтаға бірнеше дана затты шығарып, 1-ші тақтадан сандарды көре аласыз. Ал терезеде заттың саны көрсетіледі. Осылай бірнеше рет жасап көріңіз.

Бөлім 2. 1-20 сандармен жұмыс
9-қадам. “Twenty” бөлімін ашыңыз. Бұл бөлімде де барлығы 1-ші бөлімдегідей, тек 20-ға дейінгі сандармен жұмыс жасайсыз.

10-қадам. 1-10 сандармен жұмыс жасағандай, 1-20 сандары үшін де жоғарыдағы қадамдарды (3-8 қадамдар) қайталаңыз.

Бөлім 3. Ойын
11-қадам. “Game” бөлімін ашыңыз. Сізге 4 түрлі ойын деңгейі берілген. Бірінші деңгейде 1-10 сандарына, екінші деңгейде 11-20 сандарына, үшінші деңгейде 1-5 сандарына, төртінші деңгейде 6-10 сандарына қатысты тапсырмалар болады.

12-қадам. Бірінші деңгейді ашыңыз. Жұмыс аймағында қандай да бір мөлшерде заттар берілген.

13-қадам. Сол затты санап, төменде орналқан сандардан заттың санына сәйкес санды белгілеңіз.

14-қадам. Экранда келесі тапсырмаға өту үшін батырма пайда болады, соны басып келесі тапсырмаға өтіңіз.

15-қадам. Бір деңгейге 10 тапсырма беріледі. Сол тапсырмаларды орындап келесі деңгейге өте аласыз. Немесе осы деңгейді қайтадан жаңа тапсырмалармен орындай аласыз.

Қорытынды
Бұл виртуалды жұмыста оқушылар заттарды санауды үйренді. Сандар мен санауды үйрену баланың дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Санау қабілеті балаларға күнделікті өмірде пайдалы болады, сондай-ақ оларға математиканы одан әрі оқуға көмектеседі.