Серіппенің потенциалдық энергиясы
Hooke’s Law by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Серіппенің потенциалдық энергиясы
9 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Серіппенің потенциалдық энергиясының ұзаруға тәуелділігін анықтау;
- Серіппенің потенциалдық энергиясының серіппе қатаңдығына тәуелділігін анықтау;
- Күш графигі арқылы серіппенің потенциалдық энергиясын есептеу.
Күтілетін нәтижелер:
- Серіппенің потенциалдық энергиясы ұзаруға квадраттық және серіппе қатаңдығына сызықтық тәуелділікке ие.
- Потенциалды энергия серіппенің қатаңдығы артқан сайын артады, демек ол серіппенің қатаңдығына тура пропорционал.
Практикалық бөлім
Серіппенің потенциалдық энергиясы
Виртуалды эксперименты бастау үшін «Energy» батырмасын басыңыз.

Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция.

1-бөлім. Потенциалдық энергияның серіппенің қатаңдығына тәуелділік
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Серіппенің ұзаруын өзгерту арқылы оны созыңыз немесе қысыңыз.

2-қадам. Серіппенің қатаңдығын өзгертіңіз. Потенциалды энергия қалай өзгереді?

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Потенциалдық энергияның серіппенің ұзаруына тәуелділік
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Серіппенің ұзаруын өзгерту арқылы оны созыңыз немесе қысыңыз. Энергияның қалай өзгеретінін қараңыз.
2-қадам. Энергия графигіне ауысыңыз. Потенциалды энергия ұзаруға қалай тәуелді? Ұзару өскен сайын энергия квадраттық түрде өседі. Демек потенциалды энергияның ұзаруына тәуелділігі квадратты.

3-бөлім. Потенциалдық энергияны есептеу
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Күш графигіне ауысыңыз.
2-қадам. Көк түске боялған аумақты есептеңіз. Бұл тікбұрышты үшбұрыш, табандарын бір-біріне көбейтіп, екіге бөл. Бұл серіппенің потенциалдық энергиясын береді.

Қорытынды
Серіппенің потенциалдық энергиясы ұзаруға квадраттық және серіппе қатаңдығына сызықтық тәуелділікке ие. Потенциалды энергия серіппенің қатаңдығы артқан сайын артады, серіппенің қатаңдығына тура пропорционал.
Глоссарий
Applied force — Қолданылатын күш
Spring force — Серпімділік күші
Displacement — Орын ауыстыру
Equilibrium position — Тепе теңдік орны
Values — Сандық мәндер
Spring constant — Серіппенің қатаңдығы
Bar graph — Гистограмма
Energy plot — Энергия графигі
Force plot — Күш графигі
Energy — Энергия
Potential energy — Потенциалдық энергия