Статикалық үйкеліс күші

Forces and Motion: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Статикалық үйкеліс күші

7 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Статикалық үйкеліс күші не екенін табыңыз;
  • Статикалық үйкеліс пен сырғанау үйкелісінің айырмашылығы неде екенін табыңыз.

Практикалық бөлім

play-rounded-fill
02:44

статикалық үйкеліс күші

Виртуалды экспериментті бастау үшін “Friction” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Денені жылжыту үшін біраз күш салыңыз. Не болып жатыр? Үйкеліс күші түсірілген күшке тең болғандықтан дене қозғалмайтынына назар аударыңыз.

2-қадам. Түсірілетін күшті арттырыңыз. Не болып жатыр? Үйкеліс күші де артады. Неліктен? Бұл статикалық үйкеліс күші деп аталады. Статикалық үйкеліс күші түсірілетін күш сырғанау үйкеліс күшінен үлкен болғанша артып тұрады.

3-қадам. Түсірілетін күшті кішірек қадамдармен арттырыңыз. Дененің қашан қозғала бастағанына назар аударыңыз. Сырғанау үйкеліс күші неге тең?

4-қадам. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Статикалық үйкеліс күші – қозғалмайтын затты қозғалтуға тырысқан кездегі үйкеліс күші. Тыныштықтағы денеге статикалық үйкеліс күші, ал қозғалатын денеге сырғанау үйкеліс күші әсер етеді.


Глоссарий

Applied force — Қолданылатын күш

Forces — Күштер

Sum of forces — Тең-әсерлі күш

Values — Сандық мәндер

Masses — Массалар

Speed — Жылдамдық

Friction — Үйкеліс

None — Еншқандай

Lots — Жоғары