Тиімді есептеу: көбейтудің қасиеттері
Expression Exchange by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Ұқсас мүшелерді біріктіру арқылы өрнектерді ықшамдау.
Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тарауы бойынша пайдалануға арналған:
- 3 сынып. “Кестеден тыс көбейту және бөлу”
Виртуалды эксперимент
“Тиімді есептеу» виртуалды жұмысы оқушыларға түрлі тиындармен есептеулер жүргізіп, өрнекті ықшамдауды үйренуге арналған.
Жұмыс барысы:
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге 4 түрлі режим берілген. “Basics”, “Explore”, “Negatives”, “Game”. “Explore” және “Game” бөлімдерінде жұмыс жасайтын боласыз. “Explore” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Жұмыс аймағында сізге берілген:
- Тиын түрлері (1);
- Тиынды x,y,z айнымалыларына ауыстыру батырмасы (2);
- Өрнектің мәні (3);
- “Менің жинағым” тақтасы (4);
- Тиынның мәндерін және коэффициенттерін көрсету батырмалары (5);
- Қайта бастау батырмасы (6).

3-қадам. Жұмыс аймағына бірнеше тиындарды шығарыңыз. Тиындарды бір қатарда ұстасаңыз, экранның өрнек тұрған бөлігі ақшыл түске еніп, қосынды құралады. Өрнектің мәні көрсетілген тақтадан қосындыны көре аласыз.

4-қадам. Тиынның мәндерін және коэффициенттерін көрсету батырмаларын іске қосыңыз.

5-қадам. Келесі өрнекті құрастырыңыз. Тиындарды қолдана отырып, бірнеше өрнектер құрастырыңыз.

6-қадам. Тиынды x,y,z айнымалыларына ауыстырып көрсеңіз болады.

7-қадам. “Game” бөлімін ашыңыз. Сізге 8 деңгей берілген. Бұл сабақта алғашқы 4 деңгейде жұмыс жасайтын боласыз.

8-қадам. Бірінші деңгейді ашыңыз. Жұмыс аймағында сізге берілген:
- Тиын түрлері (1);
- Құрастыруға берілген өрнектер тақтасы (2);
- Кері оралу және жаңарту батырмалары (3).

9-қадам. Құрастыруға берілген өрнектер тақтасына қарай отырып өрнектерді құрастырыңыз және өрнектің астындағы бос орынға апарып қойыңыз.

10-қадам. Тақтадағы барлық өрнекті орындап болғаннан кейін, “Next” батырмасын басып келесі деңгейге өте аласыз.

Қорытынды
Оқушылар симуляторда жұмыс жасау арқылы өрнектерді ұқсас мүшелері бойынша жинақтау, коэффициент деген тақырыптарда есептеулер жүргізді.