Функция және функция графигі

Curve Fitting by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Мақсаты:

  • Функция және функция графигі ұғымдарын игеру;
  • y=kx функциясының анықтамасын білу, оның графиктерін салу 
  • y=kx+b сызықтық функциясының анықтамасын білу, оның графигін салу график
  • y=ax2, (а≠0) функциясының графигін салу; 
  • y=ax3, (а≠0) функциясының графигін салу.

Бұл виртуалды жұмыс алгебра сабағында келесі тарауы бойынша пайдалануға арналған:

  • 7 сынып. “Функция. Функция графигі”

Теориялық бөлім

y=kx функциясы

y=kx+b сызықтық функциясы — графигі түзу болатын функция. 

k — коэффициенті сызықтың көлбеуін анықтайды.

  • Егер k > 0 болса, онда сызық оңнан солға қарай еңкейеді.
  • Егер k < 0 болса, онда сызық солдан оңға қарай еңкейеді.
  • Егер k = 0 болса, онда сызық көлденең болады.

b еркін мүшесі y осі бойынша сызықтың орнын анықтайды.

  • Егер b > 0 болса, онда түзу y осін оң ординатамен қиылысады.
  • Егер b < 0 болса, онда сызық y осін теріс ординатамен қиылысады.
  • Егер b = 0 болса, онда сызық координатаның бас нүктесі арқылы өтеді.

y=ax2 функциясы

y=ax2 квадраттық функциясы — графигі парабола болатын функция.

a коэффициенті параболаның пішінін анықтайды.

  • Егер a > 0 болса, онда парабола жоғары қарай ашылады.
  • Егер a < 0 болса, онда парабола төмен қарай ашылады.

Параболаның жоғарғы жағы  x=-b/2a нүктесінде орналасқан.

y=ax3 функциясы

y=ax3 текше функциясы — графигі кубтық парабола болатын функция.

a коэффициенті кубтық параболаның пішінін анықтайды.

  • Егер a > 0 болса, онда кубтық парабола жоғары қарай ашылады.
  • Егер a < 0 болса, онда текше парабола төмен қарай ашылады.

Виртуалды эксперимент

Виртуалды симуляция y=kx, y=ax2, y=ax3 функциясыларымен танысып, жұмыс істеуге арналған. Бұл оқушыларға осы функциялардың графиктерін оңай және көрнекі түрде құруға, сондай-ақ олардың қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс барысы:

Бөлім 1. y=kx функциясы

1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге берілген: 

  • OXY координаталық жазықтығы (1);
  • Ауытқулар тақтасы (2);
  • Функция кестесі, үйлесімсіздік, координаталар батырмалар тақтасы (3);
  • График құруға арналған нүктелер жиынтығы (4);
  • Қайта бастау батырмасы (5).

2-қадам. Функция кестесі батырмасына құсбелгі қойыңыз. Сізде қосымша тақталар пайда болады: сызықтық, квадраттық, кубтық теңдеулер батырмалары, лайықты кесте, өзгеретін кесте батырмалары берілген. 

3-қадам. Сізге жұмыс жасауда ауытқулар тақтасы қажет болмағандықтан “-” батырмасын басып, жинап қойсаңыз болады. Сонымен қатар, үйлесімсіздік, өзгеретін кесте батырмасын қолдану қажеттілік туғызбайды. 

4-қадам. Координаталық жазықтығына 2 нүктені шығарыңыз. Сізде y=kx+b сызықтық функциясының графигі пайда болады. Жазықтықтың жоғарғы жағында график теңдеуін көре аласыз.

5-қадам. Координаталар батырмасына құсбелгі қойып, нүктелердің (x,y) мәндерін анықтай аласыз. 

6-қадам. Нүктелерді жазықтықта әртүрлі орындарға жылжыту арқылы графиктің және оның теңдеуінің өзгерісін зерттеңіз. 

Бөлім 2. y=ax2 функциясы

7-қадам. Теңдеу түрін сызықтықтан квадраттыққа ауыстырыңыз.

8-қадам. Жазықтыққа үшінші нүктені шығарыңыз. Сізде 𝑦 = ax2 + 𝑏𝑥 + 𝑐 функциясына сәйкес парабола пайда болады. Парабола теңдеуін зерттеңіз.

9-қадам. Нүктелерді жазықтықта әртүрлі орындарға жылжыту арқылы графиктің және оның теңдеуінің өзгерісін зерттеңіз. 

Бөлім 3. y=ax3 функциясы

10-қадам. Теңдеу түрін квадраттықтан кубтыққа ауыстырыңыз.

11-қадам. Жазықтыққа төртінші нүктені шығарыңыз. Сізде y=ax3+bx2+cx+d функциясына сәйкес кубтық парабола пайда болады. Кубтық парабола теңдеуін зерттеңіз.

12-қадам. Нүктелерді жазықтықта әртүрлі орындарға жылжыту арқылы графиктің және оның теңдеуінің өзгерісін зерттеңіз. 

Қорытынды

Виртуалды жұмыста бірінші бөлімде y=kx+b сызықтық функциясының, екінші бөлімде 𝑦 = ax2 + 𝑏𝑥 + 𝑐 вадраттық функциясының,  үшінші бөлімде y=ax3+bx2+cx+d кубтық функциясының графигін құру процесі сипатталды. Бұл симулятор оқушыларға жазықтықта нүктелердің орналасуының график пен теңдеуге әсерін визуалды түрде көрсету арқылы “Функция және функция графигі” тақырыбында білімін арттыруға мүмкіндік берді.