Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі
Balloons and Static Electricity by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі
8 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Электрлену процесін көрсету;
- Аттас және әр аттас зарядтардың бір-бірімен әрекеттесуін көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
- Екі бейтарап дене бір-біріне үйкелеу арқылы электрленуі мүмкін;
- Аттас зарядтар кері тебіледі, ал әр аттас зарядтар тартылады.
Практикалық бөлім
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі
Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция.

1-бөлім. Электрлену процесі
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Шарды жемпірге ысқылаңыз. Не болады? Шар жемпірге тартылады.

2-қадам. Шар теріс зарядталатынына және жемпір оң зарядталатынына назар аударыңыз. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Зарядталған денелердің әрекеттесуі
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Тағы бір шарды алып, жемпірге ысқылаңыз.

2-қадам. Екі шарды да алыңыз, олар бір-бірімен қалай әрекеттеседі?
3-қадам. Екі шардың да теріс зарядталғанына назар аударыңыз. Қорытынды жасаңыз.
3-бөлім. Зарядталған денелердің бейтарап денелермен әрекеттесуі
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Бір допты алып, қабырғаға жақындатыңыз. Не болады? Қабырға бейтарап болса да, шар қабырғаға тартылады.
2-қадам. Қабырғадағы теріс зарядтардың аздап ығысатынын байқаңыз.
3-қадам. Түймені басу арқылы қабырғаны алып тастаңыз. Әрі қарай не болады? Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды
Екі бейтарап денені бір-біріне үйкелу арқылы электрлендіруге болады. Аттас зарядтар кері тебіледі, ал қарама-қарсы зарядтар тартылады.
Глоссарий
Show all charges — Бүкіл зарядтарды көрсету
Show no charges — Зарядтарды көрсетпеу
Show charge differences — Зарядтардың айырмашылығын көрсету
Reset balloons — Шарларды қалпына келтіру
Remove wall — Қабырғаны алып тастау