Қозғалмалы жануарлар

Практикалық материал

Қағаз стакан — 2 дана

А4 қатты қағаз — 1 данa

Тіс шұқығыш — 1 дана

Қағаз қыстырғыш — 2 дана

Фломастер

Қайшы

Желім

Кеңсе пышағы

play-rounded-fill

Менің отбасым

1-қадам. А4 қағазға сілтеме арқылы өтіп жануарлардың бастарын шығарып алыңыз. Сілтеме

2-қадам. Суретті фломастермен бояңыз. 

3-қадам. Суреттерді қиып алыңыз.

4-қадам. А4 қағаздың артылған бөлігінен 8*1,5 см өлшемде 2 дана төртбұрыш қиып алыңыз. 

5-қадам. Сиыр мен қойдың бастарын төртбұрыш қағазға желімдеңіз. Жануарлардың бастары мен мойындары дайын.

6-қадам. Тіс шұқығышты ортасынан бөліңіз. Шұқығыштарды мойындардың ортаңғы бөлігіне суреттегідей кіргізіңіз. 

7-қадам. Қағаз стакандардың түбіне суреттегідей етіп кеңсе пышағының көмегімен ойық жасаңыз. 

8-қадам. Жануар мойындарының тіс шұқығыштан төменгі жағын стакандағы ойыққа кіргізіңіз.

9-қадам. Екі жануар үшін де мойынның стаканның ішідегі бөлігіне қағаз қыстырғыш қыстырыңыз. 

Дайын! Сиыр мен қой ойыншықтарының бастарын қолмен түрту арқылы қозғалта аласыз.

Қорытынды

Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулиды және олардың техникалық ойлау қабілеттерін дамытады. Өз қолдарымен қозғалмалы ойыншықтар жасап, олар механикалық заңдылықтарды түсініп, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Нәтижесінде, балалар өз еңбектеріне қуанып, өз қолынан шыққан өнімдерге мақтанышпен қарайды.