Қол жуу әдебі

Практикалық материал
  • Ақ қатты қағаз — 2 дана
  • Түрлі түсті фломастер
  • Қайшы 
  • Кеңсе пышағы
play-rounded-fill

қол жуу әдебі

1-қадам: Берілген суреттерді сілтеме арқылы өтіп, қағазқа шығарып алыңыз. Су және қол

2-қадам: Су ағып тұрған кран бейнеленген суретті түрлі түсті фломастермен бояңыз.

3-қадам: Суреттегі судың шеттерінде жолақ сызықтардың бойымен кеңселік пышақпен кесіңіз.

4-қадам: Қолды және микробтарды үрлі түсті фломастермен бояңыз.

5-қадам: Қолдың суретін шеттерінде жолақ сызықтардың бойымен кеңселік пышақпен кесіңіз. Микробтарды әпқайсысын жекелеп қиып алыңыз.

6-қадам: Микробтарды қолың үстіне қойыңыз.

7-қадам: Қолды су ағын тұрған краннан өткізіңіз. Бұл процесс сізге қолыңызды жуғанда қолыңыздағы кір, микробтардың сумен жуылып кетуін көрсетеді.  

Қорытынды

Бұл жоба балаларға гигиенаның маңыздылығын үйретіп қана қоймай, олардың қызығушылығы мен шығармашылық ойлауын ынталандырады. Модель жасау процесі қолды жуу кезінде судың қалай жұмыс істейтінін жақсы түсінуге көмектеседі, ал нәтиже тазалықтың маңыздылығын еске салады. Жоба күнделікті іс-шараларға оңай еніп, балаларға жағымды әсер мен пайдалы әдеттер қалдырады.