Алма ағашы

play-rounded-fill

Алма ағашы

Жобаның мақсаты:

Күзгі еңбек аптасы аясында балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, күзгі еңбек түрлерімен таныстыру, түстерді тану және сәйкестендіру дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, балаларға «алма теру» секілді ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым элементтерін ойынды пайдалана отырып түсіндіру.  

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Танымдық дағдылар: Түстерді тану және сәйкестендіру
  • Қол моторикасы: Ұсақ заттармен жұмыс істей отырып, саусақтың икемділігін дамыту.
  • Әлеуметтік және коммуникативті дағдылар: Нұсқауларды тыңдау және орындау.
  • Шығармашылық: Сурет салу арқылы қиялын дамыту.

Жобаның құндылығы:

  • Бұл жоба балаларды түстерді айыруға және логикалық сәйкестендіруге үйретеді.
  • Баланың қиялын дамытып, өз қолымен жасаған нәтижеге мақтаныш сезімін оятады.
  • Экологиялық тәрбие береді: «алма жинау» процесі арқылы табиғатты тануға қызығушылық арттырады.
  • Материалдар қарапайым және қолжетімді, бұл жобаны үйде немесе балабақшада оңай іске асыруға мүмкіндік береді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Балаларға жобаның не үшін қажет екенін айтыңыз. Ағаштың түрлері, жеміс ағаштары жайлы сөйлесіңіз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Зип-лок пакетке жасыл, сары, қызыл помпондарды салыңыз.

2-қадам. Зип-лок пакетке глицерин құйыңыз. 

3-қадам. Пакетке алма ағашының суретін салыңыз. Помпондар санымен бірдей етіп алмаларды салыңыз. 

4-қадам. Алма ағашының төменгі жағына жасыл, қызыл, сары себеттер салыңыз.

5-қадам. Помпондардың түсіне сай етіп алманың суреттеріне қойып шығыңыз.

6-қадам. Енді алмаларды түстеріне сай себеттерге жинаңыз.

Қорытынды

Жоба аяқталғаннан кейін балалар түстерді ажыратып, заттарды сәйкестендіру, санау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Жұмыс барысында олар ұжымдық әрекетке бейімделіп, өз қолымен жасаған нәтижеге қанағаттану сезіміне ие болады. Тәрбиеші ретінде бұл жоба арқылы балалардың танымдық және шығармашылық даму деңгейін байқауға мүмкіндік аласыз.