Алтын тәж

play-rounded-fill

Алтын тәж

Жобаның мақсаты:

Бұл жобаның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдарын ұштау және өз қолдарымен әдемі әшекейлер жасау арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Сонымен қатар, балаларға өз қолдарымен нәрсе жасау процесін қызықты әрі оңай етіп көрсету.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық дағдылар: Балалар өздерінің қиялдары мен өнерін пайдаланып, тәждің сәнін өз қалаулары бойынша жасауды үйренеді.
  • Қолданбалы дағдылар: Қайшы, сызғыш, циркуль, ермексазды дұрыс пайдалану арқылы балалардың қол моторикасы дамиды.
  • Назар аудару және нақты жұмыс істей білу: Тәжірибелік қадамдарды орындау барысында балалардың зейінін шоғырландырып, сабырлықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өз қолдарымен әдемі және функционалды заттар жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Тәж жасау процесі балаларға ұқыптылықты, шыдамдылықты, және эстетикалық талғамды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, жоба баланың өзіндік көркемдік шешімдер қабылдау қабілетін арттырып, оның сенімділігін және өзін-өзі бағалауын нығайтады. Тәжірибелік жұмысты орындау барысында балалардың назарын шоғырландырып, кеңістіктік ойлауын дамытуға көмектеседі.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері 

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Сары қағазға циркульмен диаметрі 21 см болатын шеңбер сызыңыз. Ішіне диаметрі 12 см болатын шеңбер сызыңыз.

2-қадам. Кіші шеңбердің ішін сызғышпен сызып, 8 бөлікке бөліңіз. 

3-қадам. Үлкен шеңберді қиыңыз. 

4-қадам. 8 бөлікті де қайшымен қиып шығыңыз.

5-қадам. Бөліктерді тігінен жоғары қаратып тұрғызып шығыңыз.

6-қадам. Жұмсақ ермексаздан кішкентай шарлар жасап тәждің ұштарына орналастырып шығыңыз.

7-қадам. Ермексаздан шеңберлер жасап тәжді айналдыра орналастырып сәндеп шығыңыз. Немесе басқаша өз қалауыңызбен сәндесеңіз болады.

Дайын! Ханзада мен ханшайымдарға арналған әдемі тәжіміз дайын.

Қорытынды

Бұл жоба балаларды қолөнерге қызықтырады. Өз қолдарымен тәж жасап, балалар сән мен дизайнның негіздерін үйреніп, жұмыс жасау барысында шыдамдылық пен ұқыптылыққа үйренеді. Олар өз жұмыстарын мақтанышпен көрсете алады, бұл олардың өзін-өзі бағалауын және сенімділігін арттырады.