Ақ аю
Ақ аю
Жобаның мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылығын және алғашқы құрастыру дағдыларын дамыту үшін қозғалмалы ақ аю моделін жасау.
Құндылықтар:
- Жабайы жануарлар әлемімен танысу.
- Шығармашылыққа және қол еңбегіне қызығушылықты дамыту.
- Нысандарды біріктіру дағдыларын қалыптастыру (брадстармен жұмыс істеу мысалында).
Қалыптастырушы дағдылар:
- Ұсақ моторика: Балалар ұсақ бөлшектермен жұмыс істеуді үйренеді, бұл саусақ пен қол бұлшықеттерін дамытады.
- Қимыл үйлестіру: Қонжықтың қозғалмалы бөліктерімен жұмыс істеу көз-қол үйлесімділігін жақсартуға көмектеседі.
- Шығармашылық: Қонжықтың аяқ-қолдарын және аузын салу кезінде балалар өздерінің шығармашылық идеяларын білдіреді.
- Бақылау және таным дағдылары: Ақ аюлар туралы талқылау арқылы балалар Арктиканың табиғаты мен ерекшеліктері туралы мәлімет алады.
- Топпен жұмыс (егер топта орындалса): Балалар бір-біріне көмектесу арқылы бірлесе жұмыс істеуді үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:
- Балаларға ақ аюлар туралы кіріспе әңгіме өткізіңіз, олардың мекендеу ортасы туралы қызықты фактілер айтыңыз.
- Балалар тосып қалмас үшін, барлық материалдарды алдын ала дайындаңыз.
- Балалар әрекеттерді қайталай алуы үшін, әр қадамды айқын көрсетіңіз.
- Балалардың шығармашылығын ынталандыру үшін өз қонжықтарын безендіруге еркіндік беріңіз.
STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:
Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз
Тәжірибелік бөлім
Жобаны жасау бойынша қадамдық нұсқаулық:
1-қадам: Ақ картонға қонжық бөліктерінің үлгісін басып шығарыңыз немесе суретін салыңыз. Барлық бөлшектерді қиып алыңыз. Сілтеме.


2-қадам: Ақ аюдың құлағы мен табандарын бейнелеңіз.

3-қадам: Бір брадсты помпонға қағаз желімнің көмегімен жабыстырыңыз.

4-қадам: Қонжықтың көздерін орналастырыңыз.

5-қадам: Қонжықтың танауы орналасатын жеріне саңылау жасап, помпонды брадспен бекітіңіз. Қонжықтың ауызын бейнелеңіз.


6-қадам: Құлақтарын жабыстырыңыз.

7-қадам: Бас бекітілетін жерде тесік жасап, оны брадс арқылы қонжықтың денесімен жалғаңыз. Бастың еркін қозғала алатынына көз жеткізіңіз.


8-қадам: Аяқ-қолдарын бекіту үшін де дәл солай тесіктер жасап, оларды брадстармен орнықтырыңыз. Барлық бөліктердің қозғалмалы екенін тексеріңіз.


Дайын!


Қорытынды
Бұл жоба балалардың шығармашылыққа қызығушылығын, механикалық қосылыстармен жұмыс істеу дағдыларын және ұсақ моторикасын дамытады. Қозғалмалы бөліктері бар ақ аюды балалар топтық ойындарда пайдалана немесе үйіне алып кете алады.