Балды қаламсалғыш

play-rounded-fill

Балды қаламсалғыш

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қолөнер арқылы эстетикалық талғамдарын жетілдіру.
  • Ұсақ моториканы, логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Балаларға заттардың функционалдығын көрсету және өз еңбектерін практикалық тұрғыда пайдалануға мүмкіндік беру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Балаларға ара бейнесін сәндеп, өз идеяларын қосуға мүмкіндік беру.
  • Қол моторикасы: Қайшы, желім және ұсақ бөлшектерді пайдалану арқылы қолдың икемділігін арттыру.
  • Техникалық түсінік: Қарапайым материалдарды бір-бірімен біріктіру арқылы функционалды бұйым жасау.
  • Ұқыптылық: Қадамдық нұсқаулықты орындау арқылы мұқият жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларды қарапайым материалдарды қолдана отырып пайдалы зат жасауға үйретеді. Ара бейнесі арқылы олар жәндіктер әлеміне қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Жобаның нәтижесінде дайындалған қаламсалғыш балаларға күнделікті өмірде қажет болады, бұл олардың өз еңбегінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға бал арасы туралы қысқаша ақпарат беріңіз. 
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Кеңселік пышақты және ыстық желімді тәрбиеші өзі қолдануы керек.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Төлкені ені төлкемен бірдей болатын сары қағазбен ораңыз. 

2-қадам. Қара түсті қағазға ені 1,5 см болатын ұзын 2 төртбұрыш сызыңыз. Оларды қиып алыңыз. 

3-қадам. Төлкеге суреттегідей етіп қара жолақтарды желідеңіз. Араның денесі дайын.

4-қадам. Араның көздерін жабыстырыңыз. Аузы мен бетін бояңыз. 

5-қадам. Картоннан өлшемі төлкемен бірдей етіп шеңбер сызып, қиып алыңыз. 

6-қадам. Шеңберді төлкенің түбіне желімдеңіз. 

7-қадам. Синель сымын ортасынан екіге бүктеп, екіжақты жабысқақ таспаның көмегімен араның бас жағына жабыстырыз. Помпондарды сымның ұштарына  жабыстырыз. Араның мұртшалары дайын.

8-қадам. Ақ қағазға араның қанаттарын салып, қиып алыңыз.

9-қадам. Араның қанаттарын желімдеңіз.

Дайын! Ара бейнелі қаламсалғыш дайын. Онда балалар өз қаламдарын салып қоя алады.  

Қорытынды

Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы зат жасауды үйретеді. Ара бейнелі қаламсалғыш арқылы балалар өз қолымен ерекше және әдемі бұйым жасау тәжірибесін алады. Қаламсалғышты пайдалану барысында олар өз еңбектерін мақтанышпен еске алып, эстетикалық талғамдарын нығайтады.