Бақамен ойнайық
Бақамен ойнайық
Жобаның мақсаты
Балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіруге және түрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы қиялын іске асыруға көмектесу. Балаларды практикалық жұмыс шеңберінде іс-әрекеттерді дәйекті орындалуын үйрету.
Қалыптастырушы дағдылар
- Ұсақ моторика: қағазды қию, желімдеу және бүктеу.
- Координация мен дизайн: қалай дайындауды жоспарлау және болжау.
- Шығармашылық: бақаның пішінін жасау мен оны декорациялау.
Құндылық
- Еңбексүйгіштік: Балаларды өз қолымен бірнеше кезеңден түратын шағын жобаны орындауға үйрету.
- Кооперация: Тәрбиеші мен балалардың ортақ жұмысы.
- Процесске қызығушылық: Шығармашылықтық ұсынуда баланың көңіл-күйін көтеру.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Жасыл түсті қағазға диаметрі 20 см болатын шеңбер сызыңыз. Және диаметрі 4 см болатын 2 шеңбер сызыңыз. Оларды қиып алыңыз.

2-қадам: Үлкен шеңберді ортасынан бүктеңіз. Ортасына қайшымен қиып, кішкене ойық жасаңыз. Бұл бақаның басы болады.

3-қадам: 2 кішкентай шеңберді бүктелген үлкен шеңберге желімдеңіз. Бұл бақаның көздері.

4-қадам: Кішкентай шеңберге дайын көздерді желімдеңіз. Бақаның басына фломастермен мұрнын салыңыз.

5-қадам: Қызыл түсті қағаздан ені 4 см болатын ұзын тілше қиып алыңыз.

6-қадам: Тілшенің шеттеріне екіжақты жабысқақ таспаны жабыстырыңыз.

7-қадам: Тілшенің бір жақ ұшына түтікшені орналастырыңыз. Тілшені ортасынан бүктеп жабыстырыңыз.

8-қадам: Тілшені түтікше жоқ жағынан қаламға орап қайырып алыңыз.

9-қадам: Тілшені бақаның басына жасалған ойық арқылы кіргізіңіз.

10-қадам: Тілше мен бастың арасын екіжақты жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

Дайын! Түтікшеден үру арқылы бақаның тілін қозғалта аласыз.

Қорытынды
Бұл жоба арқылы балалар шығармашылық қабілеттерін дамытып, материалдармен жұмыс жасауға үйренеді. Олар дайын өнім арқылы өз еңбектеріне қуанып, өздігінен жасауға деген сенімділікті арттырады. Сонымен қатар, бұл жоба баланың зейінін және логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.