Эмоциялар айналмасы

play-rounded-fill

Менің сезімдерім

Жобаның мақсаты:
Қарапайым әрі қызықты желпуіш жасау арқылы, балаларды әртүрлі эмоциялармен таныстыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді қабылдау және эмоционалды қиялды дамыту.

Құндылықтар:

  • Балаларға негізгі эмоцияларды түсінуге және ажыратуға көмектеседі.
  • Шығармашылық ойлауды практикалық жұмыс арқылы дамытады.
  • Тәжірибелерге және түстермен жұмыс істеуге қызығушылықты нығайтады.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Эмоциялық интеллект: Балалар түстерді эмоциялармен байланыстырып, ажыратуды үйренеді.
  • Ұсақ моторика: Жапсырма және ұсақ элементтермен жұмыс қол қозғалысының үйлесімін дамытуға көмектеседі.
  • Шығармашылық ойлау: Эмоциялар желпуішін жасау мен оны безендіру балалардың қиялын ерте жастан дамытуға ықпал етеді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:

  • Жұмысты бастамас бұрын балаларға әртүрлі эмоциялар мен олардың көріністері туралы айтып беріңіз.
  • Балалардан сүйікті түстерін таңдап, оны қандай көңіл күймен байланыстыратынын сұраңыз.
  • Жоба үшін қауіпсіз материалдар мен құралдарды қолданыңыз.

STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:
Жұмысты бастамас бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстыру қажет. Егер өткір заттар қолданылса, қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.

Сілтемеге өтіңіз     

Тәжірибелік бөлім

Қадамдық нұсқаулық:

1-қадам: Түрлі-түсті картоннан бес шеңбер қиыңыз. Әр түстің өзі бір эмоцияны білдіреді:
Жасыл — қуаныш
Қызыл — ашу
Қара — ызалану
Көк — мұң
Сары — ойнақы

2-қадам: Ақ қағазға көздердің суретін салып, қиып алыңыз.

3-қадам: Әрбір шеңберге тиісті көздерді жабыстырыңыз. Фломастермен ауызын бейнелеңіз.

4-қадам: Шеңберді қақ ортасынан бүктеп, терможеліммен ағаш таяқшаға жабыстырыңыз. Қосымша қағаз желімді де қолданыңыз.

5-қадам: Барлық эмоциялар үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

Дайын! Балаларға айналмақты қалай айналдыруды көрсетіңіз, оларға өздігінен эмоцияларды қайталауды ұсыныңыз. балаларға сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Сен қашан өзіңді қуанышты сезінесің?» немесе «Сені не ашуландырады?»бұл олардың эмоциялық интеллектісін дамытуға көмектеседі, олардың өз сезімдерін түсінулеріне және оларды айналасындағылармен бөлісуіне ықпал етеді.

Қорытынды


Жоба балаларға өз сезімдері туралы көбірек білуге, эмоцияларды түстермен және бет әлпетімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде – эмоциялар айналмасы, ойын арқылы эмоцияларды зерттеуге көмектеседі.