Футбол ойыны

play-rounded-fill

8 Балабақша футбол ойыны

Жобаның мақсаты:

Қарапайым заттардан үстел үсті футбол ойынын ұйымдастырып, дайындау жолдарын көрсету.

Құндылық

Балалардың сүйікті ойынын үй жағдайында да жасау мүмкіндігін көрсету. Өз қолымен ойыншықты жасау арқылы шеберлікке және үнемділікке баулу.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері 

Теориялық бөлім 

Магнитті пайдаланудың тағы бір қызықты жолын көрсету арқылы, күнделікті өмірде қарапайым заттармен өзіне ұнайтын ойындарды құрастыруға болатынын  балаларға түсіндірудің мәні зор.

Тәжірибелік бөлімі

Керекті заттар: аяқ киім немесе А4 қағазының құтысы (картон қағаз), 4 дана 1-2 см диаметрінде дөңгелек магнит, жасыл түсті қағаз, 2 дана таяқша (шпашка) желім, ыстық желім, 2 дана А4 ақ қағаз, 2 дана түрлі-түсті қағаз, тор материал немесе гофроқағазын қолданса болады, кішкентай резина доп.

1-Қадам: 

Қағаз құтының ені болатын екі жағынан терезе ойыңыз.

2-Қадам:

Құтының қақпағын теріс орналастырып, бекітіңіз.

3-Қадам:

Жасыл қағаздың бетіне ақ жолақтармен футбол алаңын сызыңыз. Жасыл қағазды қақпақтың ішкі жақ бетіне жапсырыңыз.

4-Қадам:

А4 қағазын екіге бөліп  қиып алып, шиыршықтап ораңыз. Оралған  қағаздың шетіне желім жағып, майыстырып футбол қақпасының қаңқасын жасаңыз. 

5-Қадам:

Тор материалын немесе гофроқағазын қақпаның қаңқасын қоршаңыз.

6-Қадам:

Қақпаны екі жағына  ыстық желіммен бекітіп жапсырыңыз.

7-Қадам:

2 дана  түрлі-түсті қағазды  магниттің диаметрімен сәйкес болатындай етіп дөңгелек қиып алыңыз. 2 ойыншының түстері екі түрлі болуы керек. Қиылған дөңгелекті  магниттің үстіне ыстық клеймен жапсырыңыз.

8-Қадам: 

1-дана шпашканы үш бөлікке бөліп алып, екі ойыншының артына жапсырыңыз

9-Қадам: 

Картоннан екі адам пішінін сызып, кесіп алыңыз. Оларды екі түсті форма киген футболшы етіп бояңыз. Немесе аю мен қоянды шығарып алып, қойсаңыз да  болады. Екі ойыншының артына шапашканы жапсырып, оны магнитке ыстық желіммен жапсырыңыз

10-Қадам:

Екі шпашканы  бір-бірден түрлі-түсті қағазбен шиыршықтап орап, оны магникте жапсырыңыз. (ойыншының астындағы магнитімен таяқшаның басындағы магнитің  + — сәйкес келіп қалмауын қадағалаңыз)

11-Қадам:

Ойыншыларды алаңның үстіне қойыңыз, құтының жанындағы тесіктерден таяқшаларды кіргізіп магниттер арқылы адамдарды қозғап көріңіз.

12-Қадам:

Ортаға допты тастап, футбол ойнаңыз.

Қорытынды

Магниттерді пайдалану арқылы заттарды қозғаудың сырын үйренеді. Қарапайым әрі оңай жолмен үстел үсті футбол ойынын ойнайды.