Гүл шоқтары
Гүл шоқтары
Жобаның мақсаты:
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға қарапайым материалдардан әдемі және эстетикалық бұйымдар жасауды үйрету.
- Балалардың сыйлық жасау арқылы жақындарына қуаныш сыйлауға үйрету.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Қағаз сүлгілерден гүлдер жасау кезінде балалардың қиялы мен эстетикалық сезімдері дамиды.
- Қол моторикасы: Сүлгілерді бүктеу, сымды байлау, түтікшелерге бекіту арқылы қол икемділігі жақсарады.
- Эстетикалық талғам: Гүл шоқтарын әдемі орналастыру және орау арқылы сәндік шешімдерді қабылдау қабілеті артады.
- Коммуникативтік дағдылар: Балалар бір-біріне көмектесіп, дайын гүл шоқтарын жақындарына сыйлау арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамытады.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға қарапайым материалдардан ерекше сыйлық жасау мүмкіндігін береді. Жұмыс процесі балалардың еңбекке деген қызығушылығын оятып, өз қолдарымен әдемі бұйым жасау арқылы сенімділіктерін нығайтады. Сонымен қатар, бұл жоба балаларды жақындарына қамқор болуға және қуаныш сыйлауға үйретеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға гүлдердің түрлері мен олардың маңыздылығы туралы қысқаша әңгіме айтып беріңіз.
- Балаларға гүл шоқтарын сыйлау мәдениеті бойынша көбіне тақ сан болатынын түсіндіріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Қағаз сүлгілерді ортасынан бөліңіз.

2-қадам. Қағаз сүлгілерді ұзына бойы шеттерін қызыл түсті фломастермен бояп шығыңыз.

3-қадам. Сүлгілерді гармошка етіп бүктеп шығыңыз.


4-қадам. Бүктелген сүлгілерді ортасынан сыммен байлаңыз.

5-қадам. Гүл күлтелерін ашып шығыңыз.


6-қадам. Сымдарға екіжақты жабысқақ таспа жабыстырып, түтікшелерге кіргізіңіз.


7-қадам. Пергамент қағазға гүлдерді орналастырып, әдемі етіп орап шығыңыз. шеттерін жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

Дайын! Әдемі гүл шоқтарын Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай анаңызға не жақын қыз балаға сыйға бере аласыз.

Қорытынды
Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулиды және олардың еңбекке деген қызығушылығын арттырады. Гүл шоқтарын жасау арқылы олар тек моторикалық және эстетикалық дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар жақындарына қуаныш сыйлаудың маңыздылығын түсінеді. Балалардың қолынан шыққан ерекше сыйлықтар олардың өз еңбектеріне деген мақтаныш сезімін арттырады.