Калейдоскоп
18 Калейдоскоп
Мектепке дейінгі ұйымдағы ересек топ үшін Калейдоскоп қысқа мерзімді жобасы
Балабақша балаларымен калейдоскоп жасау арқылы келесі құндылықтарды қалыптастыруға болады:
- Шығармашылық – Калейдоскопты жасау процесінде балалар түстерді, формаларды және дизайн элементтерін таңдауға қатысады, бұл олардың қиялын және шығармашылық ойлауын дамытады.
- Зейін мен ұқыптылық – Қолөнерде әртүрлі материалдармен мұқият жұмыс істеу керек, бұл балалардың ұқыптылығын және зейін қою қабілетін арттырады.
- Еңбекқорлық пен шыдамдылық – Калейдоскоп жасау ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан балалар өз күштерін жұмсап, істі аяғына дейін жеткізуді үйренеді.
- Командалық жұмыс – Тапсырманы орындау кезінде балалар бір-біріне көмектесуі мүмкін, бұл өзара қолдау және командалық жұмыс дағдыларын дамытады.
- Табиғатқа және өнерге деген сүйіспеншілік – Калейдоскоптағы әдемі түстер мен фигуралар арқылы балаларда әлемнің сұлулығын, түстердің үйлесімін көру және бағалау қабілеті қалыптасады.
Бұл жоба балалардың шығармашылық дамуын ғана емес, сонымен қатар өмірлік маңызды дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға да үлкен септігін тигізеді. Атап айтар болсақ оны қоршаған ортадағы әлемнің қандай әдемі түске боялғанын көру арқылы балаларды сұлулықты көре білуге тәрбиелеу .
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
жобаны бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Калейдоскоп түтікке ұқсайды, түтіктің ішінде үш ұзынна салынған айна тәріздес қағаз бар, үшбұрышпен бүктелген айна тәріздес қағазды, түттіктің ішіне салып, оны айналдырған кезде айналардың артындағы жарықтандырылған қуыста түрлі-түсті түстері шағылысады және өзгеретін симметриялы өрнектер пайда болады
Тәжірибелік бөлім
1 қадам: Егер сіз картон түтікті бояуды жоспарласаңыз, оны алдымен бояп, оны кептіріп алыңыз. Мен түтікті боямай күлгін түсті қағазбен орадым


2 қадам: Әрі қарай, айна парақтарын үш бірдей жолаққа кесуіңіз. Кесілген жолақтарды бір біріне қағаз скотчпен бекітіп, үшбұрыш жасаңыз.



3 қадам: Дайын картон түтікке мықтап жапсырыңыз, құлап кетпеуі үшін дұрыс өлшеп бекітіңіз


4 қадам: Әрі қарай ақ түсті картоннан не болмаса ақ түсті A4 қағаздан 2 шеңберді кесіп,. Шеңбердің ортасында тесік жасаңыз. Шеңберді фломастермен немесе қарындашпен безендіріңіз.


5 қадам: безендірген шеңберлерді қайшының көмегімен қиып алыңыз

6 қадам: Түтікті безендірген шеңбердің дәл ортасындағы тесікке орнатыңыз

7 қадам: Шеңберге бекітілген түтікшені колейдоскоптың үстіңгі жағына скотчпен бекітіңіз

Колейдоскоп дайын! Калейдоскопты күннің шуағы түсіп тұрған жерге апарып қарап шығыңыз және сіздің дизайныңыз жасаған барлық шағылыстарды зерттеңіз!
Қалағаныңызша картон шеңберлерін жасап оларды әртүрлі дизайнда жасап, олардың қолданып көріңіз!