Катапультамен ойын
Катапультамен ойын
Жобаның мақсаты:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз қолдарымен функционалды құрылғылар жасауды үйрету. Техникалық түсініктерін жетілдіру. Механикалық принциптерді ойын арқылы түсінуге ынталандыру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Қарапайым материалдарды қолдана отырып, жаңа нәрсе жасауды үйрену.
- Қол моторикасы: Резеңкелерді орап, таяқшаларды бекіту арқылы қол икемділігін арттыру.
- Техникалық ойлау: Катапульта құрылымын құру және оның жұмыс істеу механизмін түсіну.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға қолөнердің қарапайым және қызықты екенін көрсетеді. Олар катапульта жасап, ойын элементтері арқылы физика заңдарын үйренеді. Жұмыс барысында балалар жауапкершілік, ұқыптылық, және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, жобаны орындау барысында балалардың топтық жұмысқа бейімділігі мен өз жетістіктеріне деген сенімділігі артады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға катапультаның тарихы, қолданылуы және оның негізгі принциптері туралы қысқаша айтып беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Балалар резеңкені тарту және орау кезінде абай болсын.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. 8 дана балмұздақ таяқшаларын бір-бірінің үстіне жинаңыз.

2-қадам. Қалған 2 дана балмұздақ таяқшаларын “+” белгісі сияқты орналастырыңыз.

3-қадам. 8 дана таяқша мен “+” болып тұрған таяқшаларды резеңкемен ұштарын орап бекітіңіз.

4-қадам. Қасықтың сабын ұзынан жалғыз тұрған таяқшаға резеңкемен ораңыз.

5-қадам. Қасықтың басына доп немесе тағы басқа кішкентай заттар қойыңыз.

Катапульта дайын! Қасықтың басып тұрып жіберіп қалсаңыз — қасықта тұрған зат ұшады.


Қорытынды
Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулиды және олардың техникалық ойлау қабілеттерін дамытады. Қолдан жасаған катапульталарын сынақтан өткізу балаларға көңілді әрі танымды тәжірибе береді. Олардың қолынан жасалған жұмыс нәтижесін көру – өз еңбектеріне деген мақтаныш сезімін арттырады.