Кім жылдам?

play-rounded-fill

Кім жылдам?

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ моторикасын және жылдам ойлау дағдыларын дамыту.
  • Ойын элементтерін қолданып, балаларды қызықты жарысқа тартып, топтық жұмысқа бейімдеу.
  • Қарапайым материалдардан қызықты және функционалды ойыншықтар жасауды үйрету.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Төлкелердің дизайнын балалар өз қалауларынша әрлеп, ойынға жеке стилін қосады.
  • Қол моторикасы: Қайшы, желім, біз және жіппен жұмыс жасау арқылы ұсақ моторикасын дамыту.
  • Техникалық ойлау: Құрылымның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жіпті байлау және элементтерді біріктіру.
  • Координация: Таяқша арқылы жіпті орау және стаканды жылжыту арқылы үйлесімді қозғалысты меңгеру.
  • Командалық жұмыс: Ойын барысында балалар өзара жарыса отырып, ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас қалыптастырады.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларға өз қолдарымен функционалды және қызықты ойыншық жасаудың мүмкіндігін береді. Ойын арқылы балалардың шыдамдылығы, шапшаңдығы және зейіні дамиды. Сонымен қатар, ойын элементтері достық атмосфераны қалыптастырып, топтық жұмысқа бейімдейді. Жұмыс барысында балалар өз еңбектерінің нәтижесіне қуанып, сенімділік сезімін қалыптастырады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Кеңселік пышақмен тәрбиеші өзі қолдануы керек.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері 

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Картон төлкені түрлі-түсті қағазбен қаптаңыз. Бұл олардың денесі болады.

2-қадам. Түрлі-түсті қағаздан қолдарын және көбелек-галстук үлгісін қиып алыңыз.

3-қадам. Қолдар мен көбелек-галстукты төлкеге желімдеңіз.

4-қадам. Фломастерді пайдаланып, төлкелердің бетіне аузын салыңыз. Көзін желімдеңіз. Балалар өз қалауларына сай дизайн жасай алады. 

5-қадам. Ауыз салынған жерден бізбен тесік жасаңыз.

6-қадам. Қағаз стаканның шеттерін қиып, қайырыңыз. Төбесіне бізбен тесік жасаңыз.

7-қадам. Балмұздақ таяқшаларына жіпті ораңыз. 

8-қадам. Жіптің ұшын төлкедегі тесік арқылы кіргізіп, жоғарғы жағынан шығарыңыз. 

9-қадам. Төлкеден шыққан жіпті стаканның астынан тесіктен өткізіп, төбесіне шығарып түйін жасаңыз. 

Дайын! Бұл ойынды екі бала ойнап жарыса алады. Стакандарды төлкеден біршама алыс жерге қойып, таяқшаға жіпті орап жинайсыз. Кім бірінші стаканды төлкеге кигізеді, сол жеңіске жетеді.

Қорытынды

Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулып, олардың қолөнер арқылы өз ойыншықтарын жасау қабілеттерін дамытады. Жұмыс нәтижесінде балалар дайын ойыншықтарын мақтанышпен көрсетіп, оларды достары арасында жарыс үшін пайдаланады. Мұндай шығармашылық және ойын элементтері балалардың шапшаңдығын, шыдамдылығын және топтық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді.