Көңілді клоун
tarbieshi steam project — 6
Жобаның мақсаты: Балаларға дене мүшелерді таныстыру, маңыздылығын түсіндіру.
Қалыптастырушы дағдылар: Кесу, желімдеу және безендіру жұмыстары қозғалыстардың дәлдігі мен үйлестірілуіне ықпал етіп, ұсақ моториканы жақсартады.
Құндылық: Жобаны жасау барысында балалар кейіпкерлер жасау арқылы өз идеялары мен көзқарастарын білдіруді үйренеді. Әр түрлі эмоциялары бар кейіпкерлерді құру арқылы балалар сезімдерді білдіруге және түсінуге үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
«Көңілді клоун» жобасы жас балаларда негізгі құрылыс дағдыларын дамытады. Бұл процесте балалар әртүрлі пішіндердің (шеңберлер, тіктөртбұрыштар) күрделі нысандарға қалай айналатынын зерттейді. Декорация балаларға түстер мен бөлшектердің жалпы қабылдауға қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі. Жобаны адамды зерттеумен байланыстыруға болады, адамның денесі, қол-аяғы, көзі, мұрнын көрсету.
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам: Түрлі түсті қағазды ұзынынан енін 5 см етіп төртбұрыш қиыңыз. Қағаздың қысқа жағынан ені 5 см етіп тағы төртбұрыш қиыңыз.

2-қадам: Қалған қағаздан ені 5 см болатын 2 дана төртбұрыш қиыңыз.

3-қадам: Ең ұзын төртбұрышты картонға желімдеңіз. Бірақ қағаздың ортасын жабыстырмаңыз, ортасы көтеріліп, аяқтың қызметін атқарып тұруы керек.

4-қадам: Орташа ұзындықтағы төртбұрыштың біреуін шеңбер құра отырып ұштарын желімдеңіз. Оны аяқтың үстіне желімдеңіз. Бұл адамның денесін құрайды.

5-қадам: Орташа ұзындықтағы төртбұрыштың екі жақ шеттерін қаламмен қайырып ирек жасаңыз.

6-қадам: Төртбұрышты дененің үстіне желімдеңіз. Адамның қолдары дайын.

7-қадам: Қалған ең қысқа төртбұрыштан адамның басын жасаңыз. Төртбұрышты шеңбер құра отырып ұштарын желімдеңіз. Кейін оны қолдардың үстіне желімдеңіз.

8-қадам: Адамның көздерін жабыстырыңыз. Фломастермен аузын, мұрнын салыңыз.

Дайын!
Қорытынды
«Көңілді клоун» жобасы балаларға қызықты уақыт өткізуге көмектеседі. Олар жаңа дағдыларды игереді, қиялын дамытады, сонымен қатар шығармашылық арқылы өз ойын білдіруді үйренеді. Мұндай жоба балалардың қабілеттеріне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі.