Көпір

play-rounded-fill

22 Көпір

Жобаның мақсаты:  Қағаз орамалдың ортасындағы орамынан қарапайым көліктер өтетін көпір жасап көрсету

Құндылық

  Балаларға қарапайым заттардан сүйікті көліктеріне көпір жасауды үйрету.  Өз қолымен ойыншықты жасау арқылы шеберлікке және үнемділікке баулу. Шығармашылық дизайнға деген қызығушылықты ояту, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Қағаз орамалдың қатты орамын пайдаланудың тағы бір қызықты жолын көрсету арқылы, күнделікті өмірде қарапайым заттармен өзінің сүйікті көлік ойыншығына  көпір құрастыра болатынын  балаларға түсіндіріп жасалу жолын көрсету

Тәжірибелік бөлімі

1-Қадам: Ең бірінші 4 дана қағаз орамалдың ортасындағы қатты орамын өзіңіз қалаған түске бояп алыңыз. Мен ашық жасыл түсті гуашты қолдандым

2-Қадам: Боялған орамдарды кептіріп алыңыз. Кепкен соң орамдарға өзіңіздің қалауыңызбен көздерін салсаңыз болады. Мен 4 дана орамға 4 түрлі көздың суретін салдым

3-Қадам: Көздерін салып болсаңыз, енді орамның астыңғы жағынан 5 см өлшеп алып жәй қаламмен сызыңыз. Сызылған сызықтың үстін концелярлық пышақтың көмегімен үлгіде көрсетілгендей кесіңіз. Бұл бізге 4 орамды бір біріне біріктіруге керек болады

4-Қадам: Әрі қарай 4 орамға шаш жасайық. Түрлі түсті қағаздың көмегімен мына жасалған шаштарға қарап жасасаңыз болады не болмаса өзіңіздің шығармашылығыңызға қарай әсемдесеңіз де болады.

5-Қадам: 4 орамды бір біріне қаратып қойыңыз. Қара түсті  картонды 4 орамның ортасына қарай  қойып, тесікке орнатыңыз.

6-Қадам: Картонның екі жағынан (ұзындығынан) төрт жерден қайшымен 0,5см қиыңыз (жіпті орнатуға керек)  екі жерден (енінен қиыңыз) әр орамның үстіңгі жағынан екі жерінен концелярлық пышақтың көмегімен кесіңіз. Үлгіде көрсетілгендей жасаңыз.

7-Қадам: Жіпті орнатқан соң, жіпті безендірейік. Әр  түрлі түсті қағаздардан кішіректеу  жалаушалар қиып алып, жіпке жапсырыңыз

Қорытынды: Біздің көпіріміз дайын. Балалар өзінің сүйікті көліктерін қойып көпірден жүргізіп  ойнайды.