Қантты кристалдар
Қантты кристалдар
Жобаның мақсаты:
Қанттың қасиеттерін зерттеу және кристалдар жасау арқылы балаларды кристаллизация процесімен таныстыру, қант пен тұз арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру, сенсорлық қабылдауды және қиялды дамыту.
Құндылықтар:
- Балалардың химияға және табиғи процестерге деген табиғи қызығушылығын қолдау.
- Қант пен тұздың қасиеттері туралы алғашқы білім қалыптастыру.
- Материалдармен тәжірибе арқылы шығармашылықты және дербес зерттеу дағдыларын ынталандыру.
- Түрлі текстуралар мен түстермен жұмыс істеу және олардың өзара әрекеттесуін зерттеу қабілеттерін дамыту.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Сенсорлық қабылдау: Балалар қанттың басқа заттардан текстурасын ажырата біледі.
- Шығармашылық: Жоба балаларды қанттан әдемі кристалдар жасауға ынталандырады, әртүрлі түстер мен пішіндерді зерттейді.
- Ұсақ моторика: Материалдармен жұмыс жасау қолдың қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал етеді.
- Танымдық дағдылар: Балалар қант пен тұздың кристалдар түзе алатынын түсінеді.
- Әлеуметтік дағдылар: Жоба топта орындалуы мүмкін, бұл балалардың қарым-қатынас жасауына, идеялармен алмасуына және бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық:
- Жобаны жайлы атмосферада өткізіп, балалардың процесске деген қызығушылығын қолдаңыз.
- Балаларға қантпен тәжірибе жасауға мүмкіндік беріңіз, сұрақтар қойыңыз: «Сенің ойыңша, қант пен тұздан қандай кристалдар пайда болады? Олар бір-бірінен немен ерекшеленеді?»
- Балалардың зерттеу әрекетін қолдап, қанттың әртүрлі қасиеттері туралы қорытынды жасауға көмектесіңіз.
STEAM жобаларындағы қауіпсіздік техникасы:
- Жұмысқа кіріспес бұрын балаларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда (өткір заттар қолданылса) қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. Сілтемеге өтіңіз
Тәжірибелік бөлім
Жобаны жасау бойынша қадамдық нұсқаулық:
1-қадам. Негізгі дайындау: Фольганы ұсақ бөліктерге кесіп, «тастар» немесе жеодалар жасап, ішіне кішкентай қуыстар қалдырыңыз. Сондай-ақ, тас ретінде жұмыртқа қабықтарын да қолдануға болады.


2-қадам. Тастарды бояу: Тастарды қара немесе қоңыр,сұр түстерге бояңыз.

3-қадам. Кристалдар дайындау: Тегіс мөлдір бетке бірнеше тамшы тағамдық бояғыштарды тамызыңыз. Балама ретінде қарапайым түсті фломастерлерді де қолдануға болады. Суретте екі нұсқа арқылы жасалу жолдары көрсетілген.


4-қадам. Бояуларға қант пен ПВА желімін қосыңыз. Егер кристалдарыңыз тым құрғақ болса, қосымша желім қосыңыз, ал керісінше, егер олар тым сұйық болса, қант қосыңыз.

5-қадам. Барлығын араластырыңыз. Ол үшін пластик пышақтарды немесе қасықтарды қолданыңыз.

6-қадам. Кристалдарды тасқа орналастырыңыз. Балаларға тас жасауда және түстерді үйлестіруде қиялдарын көрсетуге мүмкіндік беріңіз. Табиғатта кристалды тастардың қандай болатынын көрсетіңіз (жеодалар).

7-қадам. Тастардың кебуіне уақыт беріп, қанттан кристалдардың пайда болуын бақылаңыз.

Қорытынды
Жоба балаларға қанттың қасиеттері және кристаллизация процесімен танысуға көмектеседі. Бұл жоба сенсорлық қабылдауды, ұсақ моториканы дамытудың және балаларға күнделікті заттардың қасиеттері туралы түсінік беру арқылы олардың танымдық дағдыларын кеңейтеді.