Қарлы әлемдегі аққала

play-rounded-fill

Қарлы әлемдегі аққала

Жобаның мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін және ұсақ моторикасын дамыту. Қысқы атмосфераны бейнелейтін қолөнер жасау арқылы табиғатқа деген қызығушылықты арттыру және қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: қағазды кесу, желімдеу, және бөлшектерді жинау арқылы қол икемділігін арттыру.
  • Шығармашылық ойлау: қысқы пейзажды өз қиялымен әрлеу және композиция жасау.
  • Кеңістіктік ойлау: жобаның әр элементін өз орнында орналастыру.

Жобаның құндылығы:

  • Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты тәрбиелеу.
  • Шығармашылық еркіндік беру арқылы өзіне деген сенімділікті арттыру.
  • Жұмысты мұқият және ұқыптылықпен орындауға үйрету.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балалармен қысқы табиғат туралы шағын әңгіме өткізіңіз. Оларды қызықтыратын сұрақтар қойыңыз: Қысқы табиғат қандай болады? Аққаланы қалай жасаймыз?
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Балаларға жобаның не үшін қажет екенін айтыңыз. Көкөністерді, олардың пішіндерін, түстерін және дәмін талқылаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Ақ қатты қағазға аққала суретін салыңыз. Оны түрлі түсті фломастермен бояңыз.

2-қадам. Стаканды қатты қағазға қойып, стаканның өлшемімен бірдей шеңбер сызып алыңыз. 

3-қадам. Аққала мен шеңберді қиып алыңыз. 

4-қадам. А4 қағазға қысқы пейзажды басып шығарыңыз. Сілтеме арқылы жүктеп алыңыз: пейзаж. Суретті қиып алыңыз. 

5-қадам. Суретті стаканның жартысын қамтитындай өлшеп қиып алыңыз.

6-қадам. Стаканды үшкір затпен (мысалы, шпажкамен) тесіп шығыңыз. 

7-қадам. Пейзаж суретті стаканның ішіне желімдеңіз.

8-қадам. Аққаланы шеңберге желімдеңіз. 

9-қадам. Стаканның ішіне пенопласт шар толтырғыштарын салыңыз.

10-қадам. Аққаланы жабыстырған шеңберді стаканға желімдеңіз. 

11-қадам. Стакандағы тесікке түтікше кіргізіңіз.



Дайын! Түтікшеден үру арқылы стакан ішіндегі толтырғыштарды қозғалта аласыз.

Қорытынды

Бұл жоба балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың табиғат туралы білімдерін кеңейтеді. Қолөнер барысында балалар ұсақ моторикасын жақсартады, шыдамдылық пен ұқыптылықты үйренеді. Олар өз еңбегінің нәтижесін көріп, мақтаныш сезіміне бөленеді.