Қозының мүсінін жасау

play-rounded-fill

12. Қозының мүсіні

Жобаның мақсаты: 

Үй жағдайында қарапайым заттардан қозы жасау арқылы, заттарды тепе теңдікте тұрғызуды үйрену, бір заттан екінші зат туындату.

Құндылық

Қоңыр қозы ұғымын түсіну үшін сүйкімді қозы бейнесін елестете отырып қолдан жасау. Өздері құраған затты жақсы көрумен мейірімділік пен сүйіспеншілікке баулу.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім 

Қала жағдайында, тіпті кейде ауылда да қазіргі таңда балалар үй жануарлары мен төрт түлікті күнделікті өмірде көріп, байланыс жасау мүмкіндігіне ие бола бермейді. Ата-анасы тарапынан еркелеткенде көп еститін қошақан, қоңыр қозы деген сөздің мәнін түсіну үшін өз қолдарымен қозының бейнесін жасау, балалардың қиялын шарықтатып, қол моторикасын дамытатын әрекет болады.

Тәжірибелік бөлім

Керекті заттар: 1 қағаз стакан, мақта, желім, 4 кір қыстырғыш, ақ және қара түсті қағаз, қара бояу.  

1-қадам Қара түсті қағазға, қозының басы секілді пішінді сызып, кесіп аламыз.

2-қадам Екі ақ дөңгелекке [диаметрі 0.5-1см], екі кішірек қара дөңгелек қағазды жапсырып көз жасаймыз. Көздерді бастың үстіне жапсырамыз.

3-қадам Алдымен кір қыстырғыштарды қара түске бояймыз. Кір қыстырғыштарды стақанның ашық бетіне төрт жағынан аяқ секілді қыстырамыз.

4-қадам Мақтадан түйіршіктеп, бөдененің жұмыртқасы үлкендігіндей  дөңгелектер жасап, стаканға желімді жағып, мақтаны айналдырып жапсырамыз.Басты стаканға жапсырамыз. Қозымыз дайын