Құдық

play-rounded-fill

32 kidsteam project

Жобаның мақсаты: Қарапайым материалдарды пайдаланып, құдық жасау. Бұл жоба балаларға құрылыс және механика негіздерін түсінуге, шығармашылық және логикалық ойлауды дамытуға көмектеседі.

Құндылық: Жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, олар өз идеяларын жүзеге асыра алады. Жобаны орындау барысында балалар құралдармен жұмыс істей отырып, техникалық дағдыларын жетілдіреді.Табиғи материалдарды пайдалану экологияға деген жауапкершілікті арттырады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Құдықтар – су көздерінен су алу үшін пайдаланылатын құрылғылар. Олар ерте заманнан бері адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылып келеді. Жобада қолданылатын материалдар (балмұздақ таяқшасы, баклашка, шпажка) табиғи ресурстардан алынған, бұл экологиялық таза әрі қолжетімді құралдар болып табылады.

Тәжірибелік бөлімі

1 қадам: 2 дана балмұздақ  таяғының шеткі жағын бұрағышпен тесіп алыңыз

2 қадам: Әрі қарай жіңішке таяқшаны бұрағышпен тесіңіз

3 қадам: Бөтелкенің төменгі жағын қайшымен қиып алыңыз

4 қадам: Бөтелкенің төменгі жағына балмұздақтың екі таяғын үлгіде көрсетілгендей ыстық желіммен желімдеңіз

5 қадам: Шпажканы балмұздақтың тесігінен өткізіп, жіңішке таяқшаны да шпажкадан өткізіңіз

6 қадам: Егер шпажка ұзын болса, артығын қиып тастап, қосылған жерлерін ыстық желіммен бекітіңіз

7-қадам:  Қақпақты бұрағышпен тесіп жіпті тесіктен өткізіңіз

8-қадам: Жіп байланған қақпақты шпашкаға байлаңыз

9-қадам: Дайын болған құдыққа су құйыңыз

10-қадам:Құдығымыз дайын айналдырып көріңіз

Қорытынды:

Бұл жоба балаларға қарапайым материалдарды қолдана отырып, техникалық модель жасау арқылы ғылым мен техниканың негіздерін үйренуге көмектеседі. Олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және экологиялық жауапкершілікті арттыру маңызды мақсат болып табылады. Құдық моделі арқылы балаларға су алудың принциптерін түсіндіру, механиканың негіздерімен таныстыру, сондай-ақ, топтық жұмыстарды жүзеге асыру – жобаның басты құндылығы.