1 апта

Жобаның мақсаты

1. Адам өміріндегі қозғалысты зерттеу

2. Қолдың анатомиясын, физикасын және қозғалысын зерттеу

3. Қағаздан қозғалмалы қол жасау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

– Жобаның практикалық бөлімінде оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

– Оқушылар қозғалыс, дене бөліктері, тірі ағза мен заттардың қозғалысы сияқты тақырыптармен танысуы керек.

– Практикалық бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Қозғалыс барлық жерде, тіпті адамның ағзасында (ішінде) де жүреді. 

 Сонымен қозғалыс дегеніміз не?

Қозғалыс – бұл заттардың немесе тірі ағзаның басқа заттарға немесе тірі ағзаға қатысты орнын ауыстыруы немесе қозғалысы.  Тірі ағзалар, яғни адам, жануар – олар қозғалады, ал заттарды жылжытуға болады. Адам мен жануар бұлшықеттердің көмегімен қозғалады, ал егер олар қозғалса, заттар қозғалады.

Мысалы, адам жүре алады, жүгіре алады, секіре алады, жүзе алады, сырғанай алады, сонымен қатар дененің бөліктерін (қолдар, аяқтар және т.б.) жылжыта алады.  Дене мүшелерінің қозғалысын зерттейтін ғылым биомеханика деп аталады.

Суретті оқып, дененің қандай бөліктерін қозғалтуға болатындығын айтыңыз.

Практикалық бөлім

Қадам 1. Жылжымалы қолдар кез-келген қағаздан жасалуы мүмкін. A4 түсті қағазды алыңыз.
Қадам 2. Содан кейін алақаныңызды қойыңыз
Қадам 3. Қолыңыздың ізін қарындашпен салыңыз
Қадам 4. Қағазға сызған қолыңыздың ізін қайшымен кесіңіз. Содан кейін жолақтарды суретте көрсетілгендей сызыңыз
Қадам 5. Жұқа екі жақты таспаны дайындаңыз
Қадам 6. Көрсетілген жолақтарға екі жақты таспаны жабыстырыңыз
Қадам 7. Содан кейін жабысқақ жағын қалдырып, скотчтың бетіндегі пленканы алыңыз
Қадам 8. Сусынға арналған түтікшелерді дайындаңыз
Қадам 9. Түтікшелерден қажетті өлшемде болшектерді кесіп алыңыз және скотчқа (таспа) жабыстырыңыз. Түтікшелер бір бағытта қарап тұру керек
Қадам 10. Жіпті дайындаңыз, саусақтардың ұшындағы түтік арқылы жүргізіп, байлаңыз және төмен қарай барлық түтікшелерге кіргізіңіз
Қадам 11. Содан кейін қалған саусақтардағы түтікшелерге де осылай жасап шығыңыз. Әр саусақтаң ұшына жіпті байлайды ұмытпаңыз. Соңында 5 жіп шығуы керек
Қадам 12. Қажетті мөлшерде түтікше пен қаламның сиясына дайындаңыз
Қадам 13. Сияны пайдаланып, жіпті түтік арқылы өткізіңіз
Қадам 14. Енді жіптерді өзіңізге қарай баяу тартыңыз. Дайын қолды сынап көріңіз
Қадам 15. Қолыңызда заттарды ұстауға тырысыңыз
Қадам 15. Біздің қолымыз қалай қозғалатыны туралы ойланыңыз. Біз оларды қалай басқарамыз?!

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын зерттеді. Қолдың анатомиясы мен қызметін мұқият зерттеді. Сонымен қатар, олар қағаздан қолдың макетін – қозғалмалы қол жасады.

Бағалау

Рефлексия