Сарамандық жұмыс №9. “Электр энергиясы”
Сарамандық жұмыс туралы ақпарат
Бұл сарамандық жұмыста оқушылар электр энергиясымен танысатын болады. Электр тізбектерін құру арқылы бағдаршам жасайды. Сонымен қатар, электр энергиясының бағасын есептеуді үйренетін болады. Схемаларды үйрену балаларға технологияны тереңірек түсінуге және пассивті тұтынушылардан гөрі белсенді жасаушы болуға мүмкіндік береді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Энергия және қозғалыс | Энергия түрлері мен көздері | 6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау; 6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу; |
- жарық диодтар (қызыл, сары, жасыл)
- батарея бөлімі
- сымдар - 4 дана
- ажыратқыш
- резистор
- картон қағаз
- қалам
- жарық шамдары
